https://sputnik.kz/20240502/zhalpyga-birdey-deklaratsiyany-endi-mobildi-qosymsha-arqyly-tapsyruga-bolady-44047271.html
Жалпыға бірдей декларацияны енді мобильді қосымша арқылы тапсыруға болады
Жалпыға бірдей декларацияны енді мобильді қосымша арқылы тапсыруға болады
Sputnik Қазақстан
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды 02.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-02T15:13+0500
2024-05-02T15:13+0500
2024-05-02T15:13+0500
жалпыға бірдей декларация
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_512f56384a390d33e6fa1600b1dd09bb.jpg
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Жалпыға бірдей декларацияны енді Kaspi.kz мобильді қосымшасында тапсыруға болады, деп хабарлады Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.Сәуір айында қолданыстағы электронды сервистермен қатар Kaspi.kz мобильді қосымшасында жаңа ыңғайлы сервис іске қосылды. Онда жеке тұлғалар 250.00 формалы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыра алады.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Биыл жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылар (қатысушылар), сондай-ақ олардың жұбайлары "кіру" декларациясын (250.00 форма) ұсынуға міндетті.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осы декларацияны халықтың қалған санаттары ұсынуға міндетті.Халыққа ыңғайлы болу үшін Салық төлеушінің кабинеті, (cabinet.salyk.kz), "Электронды үкімет" порталы (egov.kz), "Е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы, Halyk, bcc.kz және Kaspi.kz банктердің мобильді қосымшалары арқылы декларацияны тапсыруға арналған электронды сервистер іске қосылды.Kaspi.kz мобильді қосымшасында 250.00 формалы декларацияны тапсыру туралы толығырақ "Гид" бөлімінен оқысаңыз болады.Декларацияларды тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_fe18e064bf9eb935f2d3d8fe55246177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалпыға бірдей декларация
жалпыға бірдей декларация
Жалпыға бірдей декларацияны енді мобильді қосымша арқылы тапсыруға болады
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Жалпыға бірдей декларацияны енді Kaspi.kz мобильді қосымшасында тапсыруға болады, деп хабарлады Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.
Сәуір айында қолданыстағы электронды сервистермен қатар Kaspi.kz мобильді қосымшасында жаңа ыңғайлы сервис іске қосылды. Онда жеке тұлғалар 250.00 формалы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыра алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Биыл жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылар (қатысушылар), сондай-ақ олардың жұбайлары "кіру" декларациясын (250.00 форма) ұсынуға міндетті.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осы декларацияны халықтың қалған санаттары ұсынуға міндетті.
Халыққа ыңғайлы болу үшін Салық төлеушінің кабинеті, (cabinet.salyk.kz), "Электронды үкімет" порталы (egov.kz), "Е-Salyq Azamat" мобильді қосымшасы, Halyk, bcc.kz және Kaspi.kz банктердің мобильді қосымшалары арқылы декларацияны тапсыруға арналған электронды сервистер іске қосылды.
Kaspi.kz мобильді қосымшасында 250.00 формалы декларацияны тапсыру туралы толығырақ "Гид" бөлімінен оқысаңыз болады.
Декларацияларды тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін.