Ұлттық спорт туралы заң жобасы әзірленеді

© Photo : Пресс-служба акима Алматы/Аян НесипбековВ Алматы прошел чемпионат Казахстана по байге
В Алматы прошел чемпионат Казахстана по байге
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстанда ұлттық спорт туралы жаңа заң жобасы әзірленеді. Бұл туралы Алматыда өткен ат спорты мен жылқы шаруашылығына арналған дөңгелек үстелде мәлім болды, деп хабарлайды 24.kz.
Жиында салаға серпіліс беріп, тиісті мамандар даярлау мәселесі талқыланды. Елде бұған дейін бұл бағытты реттейтін бірде-бір заң қабылданбаған. Осыған орай Ұлттық спорт қауымдастығы құжат әзіргеуге бастамашылдық жасап, этноспортты қолдау шараларын жүйелемек.
Одан бөлек, отырыста жылқы зауыттарының халықаралық талаптарға сай келмейтіні айтылды. Қатысушылар спорт жылқыларының санын көбейту керек деген пікір білдірді.
"Тәуелсіз Қазақстан тарихында ұлттық спорт саласын реттейтін бірде бір заң қабылданбаған. Онсыз саланы сапалы, тиімді дамыту мүмкін емес. Осыған байланысты Ұлттық спорт қауымдастығы парламент мәжілісінің депутаттарымен бірге Ұлттық спорт туралы заң жобасын әзірлеу бастамасын көтеріп отыр. Бұл ұлттық спортты дамытудың ең жүйелі қадамы болады", - дейді Ұлттық спорт қауымдастығының басшысы Исламбек Салжанов.
Жаңалықтар
0