Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін атады

© Sputnik / Владислав ВодневНациональный банк Казахстана
Национальный банк Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Биыл сәуірде теңге бағамы 1,1 пайызға, яғни 1 АҚШ доллары үшін 442,05 теңгеге дейін нығайды. Осы орайда сарапшылар теңге-доллар жұбындағы мұндай өзгерістің неге байланысты екендігін айтты.
Ұлттық банк деректеріне сәйкес, сәуірдегі сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,1 млрд АҚШ доллары болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін сәуірде 1 056 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 21 пайызынын және күніне 48 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады.
"Ұлттық банк сәуірде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30 пайыз деңгейінде ұстап тұру мақсатында биржадағы сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 500 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 10 пайызын құрады", - деп хабарлады Ұлттық банктен.
Жаңалықтар
0