Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина сыртқы істер министрі Ресеймен коммуникация туралы айтты

© Photo : Facebook / Dmytro KulebaДмитрий Кулеба
Дмитрий Кулеба  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Foreign Policy басылымына берген сұхбатында маусымда Швейцарияда өтетін конференцияның мақсаты ортақ ұстанымдары бар елдердің коалициясын құру екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Украина министрінен басылым журналисі Украина бойынша бейбіт конференцияны Ресейсіз Швейцарияда өткізудің мәні туралы сұраған.
"Конференциядан кейін Ресеймен байланыс орнауы мүмкін, ал Ресей келіссөздердің бір бөлігі болуы мүмкін. Түптеп келгенде, қос тарапсыз қақтығысты аяқтай алмаймыз", - деді ол.
Швейцарияда 15-16 маусым күндері Люцерн қаласының маңында Украина бойынша бейбітшілік конференциясы өтеді. Ресей оған қатыспайды. Берндегі Ресей елшілігінің баспасөз хатшысы Владимир Хохлов бұдан бұрын Швейцарияның Ресей Федерациясына Украина бойынша саммитке қатысуға шақыру жібермегенін, Мәскеу ешбір жағдайда қатыспайтынын айтқан.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Украина мәселесін талқылайтын Ресей қатыспайтын Швейцариядағы саммиттің мағынасыз екенін мәлімдеген.
Кремль, Москва. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2024
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Кремль Украинамен келіссөз жүргізу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді
Жаңалықтар
0