Тоқаев Ресей хоккей федерациясының президентін қабылдады

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Владислав Третьяк
Касым-Жомарт Токаев и Владислав Третьяк - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2024
Жазылу
Владислав Третьяк "Qazaqstan Hockey Open 2024" халықаралық турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін ризашылығын білдірді
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары Қазақстанда хоккей спортының ауқымы айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, елордалық "Барыс" клубы бастаған отандық командалардың ҚХЛ чемпионатына және басқа да турнирлерге қатысуы, сондай-ақ ұлттық құраманың әлемдік біріншіліктерде табысты өнер көрсетуі аталған спорт түрін кеңінен дәріптеуге оң ықпал етеді.
Атап айтқанда, Қазақстанда хоккей мектептері мен жастар командалары көбейіп, түрлі деңгейдегі жарыстар белсенді ұйымдастырыла бастады. Владислав Третьяк қонақжайлық танытқаны және Астанада өтіп жатқан "Qazaqstan Hockey Open 2024" халықаралық турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ ол Қазақстан хоккейінің өкілдері едәуір табысқа жеткеніне назар аударып, мұндай жетістік спорттың командалық түрлеріне мемлекет тарапынан лайықты деңгейде мән берілуінің нәтижесі екенін айтты.
Жаңалықтар
0