https://sputnik.kz/20240502/qorqor-tutini-temekiden-de-qauipti-deputattar-zhauapkershilikti-qatandatudy-surady-44025805.html
Қорқор түтіні темекіден де қауіпті: депутаттар жауапкершілікті қатаңдатуды сұрады
Қорқор түтіні темекіден де қауіпті: депутаттар жауапкершілікті қатаңдатуды сұрады
Sputnik Қазақстан
Қорқордың құрамында көміртек монооксиді, никотиннің ыдырау өнімдері, полициклді көмірсутектер және формальдегид бар 02.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-02T10:14+0500
2024-05-02T10:14+0500
2024-05-02T10:17+0500
депутаттар
https://sputnik.kz/img/old/838/54/8385401_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_45a19857bd0a0a03714e67756ce6496a.jpg
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Депутаттар қоғамдық орында қорқор қолданғандарға әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатуды сұрап отыр. Өйткені қорқор тартқан адамға ғана емес, қасындағы өзге жандардың да денсаулығына зиян.Елордадағы мейрамханалардың бірінде қонақтар қорқорды арнайы бөлмеде емес, тамақтану залында тұтынған. Полиция қызметкерлері оларға және әкімгерге хаттама толтырып, айыппұл салды.Жыл басынан бері Есіл ауданының өзінде дәл осындай 200-ден астам құқықбұзушылық анықталған, деп хабарлады 24.kz.Мамандардың айтуынша, қорқор түтіні темекіден де қауіпті. Оны тұтынған адам қасындағылардың да денсаулығына зиян келтіреді. Соның ішінде алдымен тыныс алу жүйесін зақымдайды."Қорқордың құрамында көміртек монооксиді, никотиннің ыдырау өнімдері, полициклді көмірсутектер және формальдегид бар. Оның үстіне никотин мөлшері 1 милиграммнан аспауға тиіс. Алайда іс жүзіне келгенде бәрі басқаша, яғни, мөлшері одан көп болып жатады", - дейді ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Розалина Ермекбаева.Заңға сәйкес, қоғамдық орындарда қорқор қолдануға тыйым салынған. Дәмхана иелері ол үшін арнайы бөлме жасақтауға тиіс. Сондай-ақ әркім өзі үйіне тапсырыспен алдыртуға рұқсат етілген. Алайда қызмет көрсетушілер мен тұтынушылар бұл талаптарды сақтай бермейді.Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша былтыр қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен қорқор тұтынғаны үшін 18 мыңдай адам әкімшілік жауапқа тартылған. Енді заң талаптары күшейтілсе, құқықбұзушылық едәуір азаяр еді, дейді депутаттар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/838/54/8385401_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_53ef466177b0d69787ca1fdd8116093f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутаттар
Қорқор түтіні темекіден де қауіпті: депутаттар жауапкершілікті қатаңдатуды сұрады
10:14 02.05.2024 (жаңартылды: 10:17 02.05.2024) Қорқордың құрамында көміртек монооксиді, никотиннің ыдырау өнімдері, полициклді көмірсутектер және формальдегид бар
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Депутаттар қоғамдық орында қорқор қолданғандарға әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатуды сұрап отыр. Өйткені қорқор тартқан адамға ғана емес, қасындағы өзге жандардың да денсаулығына зиян.
Елордадағы мейрамханалардың бірінде қонақтар қорқорды арнайы бөлмеде емес, тамақтану залында тұтынған. Полиция қызметкерлері оларға және әкімгерге хаттама толтырып, айыппұл салды.
Жыл басынан бері Есіл ауданының өзінде дәл осындай 200-ден астам құқықбұзушылық анықталған, деп хабарлады
24.kz.
"441-бабында көрсетілген. 15 АЕК айыппұл салынады. Егер осындай құқықбұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, 20 АЕК, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар тамақтану орталығының әкімшілігі сол қорқорды бергені үшін 441-бабының 3-тармағына сай 25 АЕК жауапкершілікке тартылады", - дейді Есіл аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Азамат Садықов.
Мамандардың айтуынша, қорқор түтіні темекіден де қауіпті. Оны тұтынған адам қасындағылардың да денсаулығына зиян келтіреді. Соның ішінде алдымен тыныс алу жүйесін зақымдайды.
"Қорқордың құрамында көміртек монооксиді, никотиннің ыдырау өнімдері, полициклді көмірсутектер және формальдегид бар. Оның үстіне никотин мөлшері 1 милиграммнан аспауға тиіс. Алайда іс жүзіне келгенде бәрі басқаша, яғни, мөлшері одан көп болып жатады", - дейді ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Розалина Ермекбаева.
Заңға сәйкес, қоғамдық орындарда қорқор қолдануға тыйым салынған. Дәмхана иелері ол үшін арнайы бөлме жасақтауға тиіс. Сондай-ақ әркім өзі үйіне тапсырыспен алдыртуға рұқсат етілген. Алайда қызмет көрсетушілер мен тұтынушылар бұл талаптарды сақтай бермейді.
"Қоғамдық орындарда қорқор тұтыну, оны жеткізу және ұсыну бойынша әкімшілік жауапкершілікті күшейтуді қолдаймын. Айыппұл мөлшерін ұлғайту қажет. Өйткені мәселе адам денсаулығына тікелей қатысты болып отыр. Кәсіпкерлік нысан иелері жауапкершілікті жете сезінуге тиіс", - дейді мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова.
Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша былтыр қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен қорқор тұтынғаны үшін 18 мыңдай адам әкімшілік жауапқа тартылған. Енді заң талаптары күшейтілсе, құқықбұзушылық едәуір азаяр еді, дейді депутаттар.