https://sputnik.kz/20240502/qazaqstan-ozbekstan-zhane-azerbayzhan-kaspiy-tenizinin-tubimen-kabel-tartady-44023139.html
Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен кабель тартады
Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен кабель тартады
Sputnik Қазақстан
Үш елдің Энергетика министрлігі басшылары меморандумға қол қойды 02.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-02T08:08+0500
2024-05-02T08:08+0500
2024-05-02T08:09+0500
каспий теңізі
электр энергиясы
https://sputnik.kz/img/260/91/2609119_0:0:2011:1131_1920x0_80_0_0_1d869b74a623fd3071840a1cfe6e76ec.jpg
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан энергетика министрліктерінің басшылары Ташкент халықаралық инвестициялық форумы шеңберінде республикалардың энергетикалық жүйелерін жүйеаралық біріктіру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Энергетика министрлігің баспасөз қызметі.Құжат қатысушылардың Әзербайжаннан, Қазақстаннан және Өзбекстаннан техникалық және экономикалық тұрғыдан ең оңтайлы жасыл энергия саудасын жүзеге асыра отырып, Каспий теңізінің түбіне және басқа елдердің аумағына жоғары вольтты кабель төсеу арқылы энергия жүйелерін қосу мүмкіндіктерін зерделеуге ниетті екенін көрсетеді.Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін Каспий түбіне терең су кабелін төсеудің техникалық тапсырмасының жобасы қалыптасқанын атап өтті."Техникалық тапсырма шеңберінде халықаралық трансмиссиялық дәліздерді (қаржыландыру, кірістер ағыны және иелік ету) дамыту және Еуропалық Одақ елдеріне жасыл энергияны сату үшін болжамды бизнес-модель әзірленеді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде үш елдің энергетика министрліктері арасында Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстанның энергетикалық жүйелерін жүйеаралық қосу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум жобасы пысықталды", - деді Сәтқалиев.Қазақстан энергетика министрлігі басшысының мәліметінше, бүгінгі таңда осы жобаны іске асырудың базалық тәсілдері талқыланып, келісілді және қазақстандық ведомство одан әрі толыққанды өзара іс-қимылға толық дайын.
каспий теңізі
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/260/91/2609119_0:0:2011:1509_1920x0_80_0_0_12070423e3803c123b87ea281bf2a3d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий теңізі, электр энергиясы
каспий теңізі, электр энергиясы
Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан Каспий теңізінің түбімен кабель тартады
08:08 02.05.2024 (жаңартылды: 08:09 02.05.2024) Үш елдің Энергетика министрлігі басшылары меморандумға қол қойды
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан энергетика министрліктерінің басшылары Ташкент халықаралық инвестициялық форумы шеңберінде республикалардың энергетикалық жүйелерін жүйеаралық біріктіру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Энергетика министрлігің баспасөз қызметі.
"Қол қойылған меморандумның мақсаты – Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстанның энергетикалық жүйелерін жүйеаралық қосу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде ынтымақтастықтың негізгі шарттарын айқындау", - деп жазылған хабарламада.
Құжат қатысушылардың Әзербайжаннан, Қазақстаннан және Өзбекстаннан техникалық және экономикалық тұрғыдан ең оңтайлы жасыл энергия саудасын жүзеге асыра отырып, Каспий теңізінің түбіне және басқа елдердің аумағына жоғары вольтты кабель төсеу арқылы энергия жүйелерін қосу мүмкіндіктерін зерделеуге ниетті екенін көрсетеді.
Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін Каспий түбіне терең су кабелін төсеудің техникалық тапсырмасының жобасы қалыптасқанын атап өтті.
"Техникалық тапсырма шеңберінде халықаралық трансмиссиялық дәліздерді (қаржыландыру, кірістер ағыны және иелік ету) дамыту және Еуропалық Одақ елдеріне жасыл энергияны сату үшін болжамды бизнес-модель әзірленеді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде үш елдің энергетика министрліктері арасында Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстанның энергетикалық жүйелерін жүйеаралық қосу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум жобасы пысықталды", - деді Сәтқалиев.
Қазақстан энергетика министрлігі басшысының мәліметінше, бүгінгі таңда осы жобаны іске асырудың базалық тәсілдері талқыланып, келісілді және қазақстандық ведомство одан әрі толыққанды өзара іс-қимылға толық дайын.