Каспий теңізіне шамамен 1 млрд текше метр тасқын суы жіберілді

© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Корабли Военно-морских сил Казахстана совершили сбор-поход по Каспийскому морю
Корабли Военно-морских сил Казахстана совершили сбор-поход по Каспийскому морю - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі Каспий теңізіне шамамен 1 млрд текше метр тасқын суын жіберді. Ол үшін Атырау облысының Қазсушар филиалы төрт арнаны пайдаланды.
Жалпы, бұл арналар тәулігіне 12 миллион текше метрге дейін су өткізе алады. Олардың әрқайсысында "Қазсушар" мамандары тазарту, нығайту және басқа да жұмыстар жүргізді. Мысалы, Соколок каналының бойында ұзындығы 14,5 шақырым қосымша арна қазылды, ол арқылы тасқын суы Каспийге жіберіледі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева оКҚ алаңында хабарлады.
Бүгінгі таңда Министрліктің басты міндеттерінің бірі - тасқын суын көлдер мен өзендерге жіберу. Мамандар Балқаш көліне де су жіберу жұмысын жалғастыруда. Көлге Қапшағай су қоймасынан шамамен 2,5 млрд текше метр су жіберілді.
"Сондай-ақ, министрлік Ресейден келген суды Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне де жіберіп жатыр. Соңғы жылдары кеуіп қалған Батыс Қазақстан облысының Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл және басқа да су айдындарына су жіберу жұмыстары басталды", – деді спикер.
Сонымен қатар, Ұлытау облысынан Қызылорда облысының Телікөл көлдер жүйесіне су жіберілді.
Жаңалықтар
0