Қазақстанда 1 мамырдан бастап не өзгереді

© Photo : акимат АстаныВ Астане разрабатывают Устав озеленения
В Астане разрабатывают Устав озеленения - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 мамыр - Sputnik. Жаңа ипотекалық бағдарлама, жұмыртқа әкелуге салынған тыйым, жаңа жол белгілері, Прагаға ұшатын әуе рейстерді - 1 мамырдан бастап Қазақстанда болатын өзгерістер туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Жаңа жеңілдетілген ипотека бағдарламасы мамырдан бастап іске қосылады. Әлеуметтік осал азаматтар үшін бағдарламаның шарты жылына 7%, ал қалған санаттағы азаматтар үшін - 9%, бастапқы жарнасы 20%.
Ипотекалық несие мегаполистер мен облыс орталықтарында жаңа тұрғын үйге берілетін болады.
Сондай-ақ моноқалаларда және ауылдық елді мекендерде қолданыстағы тұрғын үйлерді сатып алуға болады, бірақ олардың саны жылына бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 30%-нен аспауы керек.

Қазақстан жұмыртқа әкелуден жарты жылға бас тартты

Қазақстан 1 мамырдан бастап елге жұмыртқа әкелуге алты ай мерзімге тыйым салады.
Бұл тыйым Еуразиялық одақтың бір елінің аумағы арқылы екіншісіне транзиттеуге қолданылмайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында азық-түлік жұмыртқасын импорттауға уақытша тыйым салынды.

Жаңа жол белгілері

1 мамырдан бастап Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болады.
Бұл өзгерістер гибридті қоспағанда, барлық электромобильдер үшін міндетті сәйкестендіру белгісін қамтиды.
Сондай-ақ "электрлік скутерлерде жүруге тыйым салынады" деген жаңа жол белгісі енгізіледі. Ол жаяу жүргіншілер жолына орнатылады.
"Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі", "параллель жолға қайта тұру" және "параллель жол бітеді" деген жаңа жол белгілері енгізіледі.

Дәрігерлердің жауапкершілігі жеңілдетіледі

1 мамырдан бастап медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттері жеңілдетіледі.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң заңдық және қаржылық қорғау жүйесін енгізуге және медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл әрекеттер абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, 100 АЕК (369 200 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді, не болмаса сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Не болмаса 100 сағат немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданылады.
Егер абайсызда науқастың денсаулығына ауыр зиян келтірілсе, 2000 АЕК (7 384 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не болмаса екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Егер медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттері абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырса, онда төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, екі немесе одан да көп адамның қайтыс болуы - алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Қара металл сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салу уақыты ұзарды

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен 5 мамырдан бастап Қазақстан аумағынан түсті қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салу тағы жарты жылға ұзартылады.
Тыйым салу - тапшылығы бар отандық кәсіпорындар жүктемесін арттыруға мүмкіндік береді.

Астанадан Прагаға әуе рейстері қайта ұшады

22 мамырдан бастап SCAT әуекомпаниясы Астана – Прага бағыты бойынша Қазақстан мен Чехия астаналары арасында әуе қатынасын жаңартады.
Рейстер сәрсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет болады. Қалалар арасында 186-189 жолаушыға арналған Boeing 737 типті әуе кемелері ұшады.

186 мың түлек мектеп бітіреді

Биыл оқу жылының ұзақтығы 34 апта, 25 мамырда сабақ аяқталады.
Білім министрлігі бірқатар өңірлердегі су тасқынына және оқу жылы сенбі күні аяқталатындықтан 24 мамырда оқушыларға арналған сынып сағаттары өтеді дейді. Су тасқынына байланысты қашықтан оқып жатқан елді мекендерде сынып сағаты онлайн-форматта өтеді.
Биылғы оқу жылын қазақстандық 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы – түлектер.

Мемлекеттік кірістер органдары букмекерлік кеңседе ойнайтындар туралы ақпарат алады

28 мамырдан бастап тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер ойын ойнайтындар туралы мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына беретін болады.
Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес букмекерлік кеңселер мемлекеттік кірістер органдарына:
- жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;
- ақша қаражатының сомасы, ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша қаражатын алған күні мен уақыты;
- жеке тұлғаның букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан ақша қаражатын алу күні мен уақыты туралы ақпараттарды тапсырады.

Ұлттық Банк жаңа базалық мөлшерлемені жариялайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2024 жылғы 31 мамырда жарияланады.
Сәуір айында Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені жылдық 14,75% деңгейінде қалдырды.
Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляция 2024 жылғы наурызда 9,1%-ке дейін баяулап, болжамды траекториядан біршама жоғары қалыптасты.
Жаңалықтар
0