Уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде ақша жымқыру фактісін тергеу аяқталды

© Sputnik/Ертай СарбасовАнтикоррупционная служба. Здание в Алматы
Антикоррупционная служба. Здание в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2024
Жазылу
Жымқыру авторлық, техникалық қадағалау өкілдерінің қолдауымен және "Қаратау" ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылық салдарынан жасалған
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қаратау" ЖШС бұрынғы басшылығына ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ еншілес ұйымы), "Iri building" ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарладыведомствоның баспасөз қызметі.
"Мердігер 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту жобасын іске асыру шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген 862 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.
Жымқыру авторлық, техникалық қадағалау өкілдерінің қолдауымен және "Қаратау" ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылық салдарынан жасалған.
Ұсынылған мәліметке сәйкес, қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді. Қазір "Iri building" ЖШС-ның нақты иесі іздеуде.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, деп хабарлады агенттік.
Жаңалықтар
0