https://sputnik.kz/20240430/prokurorlar-tergeu-oryndary-zansyz-qamauga-algan-449-adamdy-bosatty-44011700.html
Прокурорлар тергеу орындары заңсыз қамауға алған 449 адамды босатты
Прокурорлар тергеу орындары заңсыз қамауға алған 449 адамды босатты
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ 515 адамға қатысты шыққан үкімді қайта қарау жөнінде бастама көтеріп, 10 адам ақтады 30.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-30T20:01+0500
2024-04-30T20:01+0500
2024-04-30T20:01+0500
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/806/94/8069400_0:0:1503:845_1920x0_80_0_0_630bf223b3787b81e0c28fd5898f3f4d.jpg
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстардың негізгі қорытындысы жөнінде баяндалды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқықтық салада азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы жөнінде мәлімет берілді.Бұдан бөлек, мемлекет басшысына активтерді қайтару және қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары барысында прокуратура органдарының жасанды интеллектіні пайдалануы жөнінде баяндалды. Бас прокуратурада елден заңсыз шығарылған активтерді іздеу және ізіне түсу үшін қолданылатын "ақылды" аналитикалық платформаны пилоттық режимде сынап көру жұмыстары басталды.Қазіргі таңда қабылданған шаралардың, соның ішінде ақпараттық жүйелерді пайдаланудың нәтижесінде іздеуде жүрген 605 қылмыскер ұсталды.Сонымен қатар бүгінде прокурорлар жүзеге асырылып жатқан 663 инвестициялық жобаға құқықтық кеңес беріп отыр. Биыл ел экономикасына 2,4 триллион теңге көлемінде инвестиция салған 148 инвестордың түйткілді мәселесі шешілді.Президент шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтару үшін заманауи технологияларды кеңінен қолдану ісін жалғастыруды тапсырды.Мемлекет басшысы қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың және инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтың құқықтарын прокурорлық қадағалау шараларымен тиімді қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/806/94/8069400_102:0:1435:1000_1920x0_80_0_0_0042ff5a4038334555742dd8ade2ae60.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура
Прокурорлар тергеу орындары заңсыз қамауға алған 449 адамды босатты
Сондай-ақ 515 адамға қатысты шыққан үкімді қайта қарау жөнінде бастама көтеріп, 10 адам ақтады
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстардың негізгі қорытындысы жөнінде баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқықтық салада азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы жөнінде мәлімет берілді.
"Прокурорлар тергеу орындары заңсыз қамауға алған 449 адамды босатты. Сондай-ақ 515 адамға қатысты шыққан үкімді қайта қарау жөнінде бастама көтерді. Оның ішінде 205 сотталушының жағдайы жақсарып, 10 адам ақталды", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысына активтерді қайтару және қылмыскерлерді іздестіру жұмыстары барысында прокуратура органдарының жасанды интеллектіні пайдалануы жөнінде баяндалды. Бас прокуратурада елден заңсыз шығарылған активтерді іздеу және ізіне түсу үшін қолданылатын "ақылды" аналитикалық платформаны пилоттық режимде сынап көру жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда қабылданған шаралардың, соның ішінде ақпараттық жүйелерді пайдаланудың нәтижесінде іздеуде жүрген 605 қылмыскер ұсталды.
Сонымен қатар бүгінде прокурорлар жүзеге асырылып жатқан 663 инвестициялық жобаға құқықтық кеңес беріп отыр. Биыл ел экономикасына 2,4 триллион теңге көлемінде инвестиция салған 148 инвестордың түйткілді мәселесі шешілді.
Президент шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтару үшін заманауи технологияларды кеңінен қолдану ісін жалғастыруды тапсырды.
Мемлекет басшысы қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың және инвесторлар мен бизнес-қоғамдастықтың құқықтарын прокурорлық қадағалау шараларымен тиімді қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.