https://sputnik.kz/20240430/adamga-aqyl-tis-qanshalyqty-kerek--stomatologtyn-zhauaby-44008302.html
Адамға ақыл тіс қаншалықты керек – стоматологтың жауабы
Адамға ақыл тіс қаншалықты керек – стоматологтың жауабы
Sputnik Қазақстан
Ақыл тістің көмегі болмаса, жұлып тастаған дұрыс, дейді Қамария Сейткенова 30.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-30T17:39+0500
2024-04-30T17:39+0500
2024-04-30T17:39+0500
тіс дәрігері
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/16/18724140_0:99:1921:1179_1920x0_80_0_0_1d9a06c0465abb6a31ecff0326d348db.jpg
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. 18-30 жас аралығында ақыл тіс шығады. Төрт тістің екеуі немесе біреуі ғана өсуі мүмкін. Ал төртеуі де түзу шықса, 32 тіс түгел деуге болады. Дегенмен кей кезде ақыл тістің пайдасынан гөрі зияны көп болады. Стоматология саласында 30 жылдан астам еңбек еткен Қамария Сейткенова осы мәселеге қатысты өз тәжірибесін бөлісті.Ақыл тіс неге шықпай қаладыСтоматологтың айтуынша, ақыл тіс әркімде әрқалай өседі. Ал кейбір адамдарда мүлдем шықпайды.Ақыл тістің жақсы шығуы жақ сүйегіне де байланысты. Адамның үстіңгі және төменгі жақ сүйегі үлкен болса, ақыл тістің бәрі түзу шығады. Себебі орын бар."Ал адамның жақ сүйегі үлкен болмаса, ақыл тіс қисық өседі, я болмаса, мүлдем шықпай қалады", - деп атап өтті тіс дәрігері.Ақыл тісті қай кезде жұлмайдыАқыл тістер бір уақытта шықпаса, адамның тістемі, яғни үстіңгі және астыңғы тістердің сәйкестігі бұзылуы мүмкін."Мысалы, астыңғы жақта бір ақыл тіс бәрінен бұрын шықса, тістердің қатары өзгереді, жанындағы тісті итеріп шықса, тіптен қиын болады. Оған қоса, жақ буынына салмақ түседі. Әрбір тіс түзу өсуі керек, адам ешқандай ыңғайсыздықты сезбеуге тиіс", - дейді маман.Ақыл тістер жартылай, я болмаса, дұрыс шықпаса, оларды емдеу де қиын. Сол себепті көп жағдайда ондай тісті жұлып тастайды.Стоматологтың өзі ақыл тісін жұлдыртпапты. Себебі төртеуі де дұрыс шыққан."Менің ақыл тістерім жақсы шықты. Оны емдеген кездерім де болды. Тамақ шайнауға да көмектесті. Бірақ 33 жылдық еңбек тәжірибем кезінде бізге келген адамдардың көбісінде ақыл тісті жұлуға тура келді", - деді маман.28 тіс те жетедіҚамария Қамалқызы дұрыс өспеген ақыл тістерді уақытында жұлуға кеңес беріп отыр. Себебі тісжегі, ақыл тістің жартылай шығуы немесе еттің астында қалуы салдарынан операция жасауға тура келеді."Дәрігерге уақытында көріну керек. Әйтпесе, ірің жиналуы мүмкін. Ал сүйекке өтіп кетсе, тіптен қиын болады. Қазіргі кезде адамға 28 тіс те жетеді. Ақыл тістердің көмегі болмаса, жұлып тастаған дұрыс", - дейді стоматолог.Ақыл тіс шығатын жер қызарып тұрса, я болмаса, ісіп кеткен жағдайда шұғыл стоматологқа бару қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/16/18724140_108:0:1811:1277_1920x0_80_0_0_185fe1585e3a2d5b833fab3445f27d40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
тіс дәрігері
Адамға ақыл тіс қаншалықты керек – стоматологтың жауабы
Ақыл тістің көмегі болмаса, жұлып тастаған дұрыс, дейді Қамария Сейткенова
АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. 18-30 жас аралығында ақыл тіс шығады. Төрт тістің екеуі немесе біреуі ғана өсуі мүмкін. Ал төртеуі де түзу шықса, 32 тіс түгел деуге болады. Дегенмен кей кезде ақыл тістің пайдасынан гөрі зияны көп болады. Стоматология саласында 30 жылдан астам еңбек еткен Қамария Сейткенова осы мәселеге қатысты өз тәжірибесін бөлісті.
Ақыл тіс неге шықпай қалады
Стоматологтың айтуынша, ақыл тіс әркімде әрқалай өседі. Ал кейбір адамдарда мүлдем шықпайды.
"Ондайда ақыл тістер қисық өсіп, еттің астында қалып қоюы мүмкін. Оны кесіп шығарады, я болмаса, мүлдем жұлып тастайды. Себебі қисық өскен ақыл тістің зияны көп. Ол жетінші тісті тіреп өседі. Ол кәдімгідей сезіледі. Сау тістің түбінде өзгеріс болуы мүмкін. Оған қоса, қисық өскен тістің арасында тамақ тұрып қалады, артынан ол жерде тісжегі пайда болады", - деді Сейткенова
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Ақыл тістің жақсы шығуы жақ сүйегіне де байланысты. Адамның үстіңгі және төменгі жақ сүйегі үлкен болса, ақыл тістің бәрі түзу шығады. Себебі орын бар.
"Ал адамның жақ сүйегі үлкен болмаса, ақыл тіс қисық өседі, я болмаса, мүлдем шықпай қалады", - деп атап өтті тіс дәрігері.
Ақыл тісті қай кезде жұлмайды
Ақыл тістер бір уақытта шықпаса, адамның тістемі, яғни үстіңгі және астыңғы тістердің сәйкестігі бұзылуы мүмкін.
"Мысалы, астыңғы жақта бір ақыл тіс бәрінен бұрын шықса, тістердің қатары өзгереді, жанындағы тісті итеріп шықса, тіптен қиын болады. Оған қоса, жақ буынына салмақ түседі. Әрбір тіс түзу өсуі керек, адам ешқандай ыңғайсыздықты сезбеуге тиіс", - дейді маман.
Ақыл тістер жартылай, я болмаса, дұрыс шықпаса, оларды емдеу де қиын. Сол себепті көп жағдайда ондай тісті жұлып тастайды.
"Кез келген тіс өз функциясын атқаруы керек. Ақыл тіс те солай. Ең соңғы және ең шеткі жерде шықса да, адамға тамақты шайнауға көмектесуі керек. Сонда пайдасы болады. Әрине, ол үшін ақыл тістің бәрі – төртеуі де шығуы керек", - дейді Сейткенова.
Стоматологтың өзі ақыл тісін жұлдыртпапты. Себебі төртеуі де дұрыс шыққан.
"Менің ақыл тістерім жақсы шықты. Оны емдеген кездерім де болды. Тамақ шайнауға да көмектесті. Бірақ 33 жылдық еңбек тәжірибем кезінде бізге келген адамдардың көбісінде ақыл тісті жұлуға тура келді", - деді маман.
Қамария Қамалқызы дұрыс өспеген ақыл тістерді уақытында жұлуға кеңес беріп отыр. Себебі тісжегі, ақыл тістің жартылай шығуы немесе еттің астында қалуы салдарынан операция жасауға тура келеді.
"Дәрігерге уақытында көріну керек. Әйтпесе, ірің жиналуы мүмкін. Ал сүйекке өтіп кетсе, тіптен қиын болады. Қазіргі кезде адамға 28 тіс те жетеді. Ақыл тістердің көмегі болмаса, жұлып тастаған дұрыс", - дейді стоматолог.
Ақыл тіс шығатын жер қызарып тұрса, я болмаса, ісіп кеткен жағдайда шұғыл стоматологқа бару қажет.