Су тасқынынан кейін 13 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент встретился с эвакуированными жителями СКО
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2024
Жазылу
Мал шығыны үшін төленетін өтемақы көлемі 278 млн теңгеге жетті
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Елімізде ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасуда. Үкімет аталған жұмысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асыруда.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облысының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер беріп келеді. Бүгінгі таңда 22 475 өтінім қабылданды.
Биылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша 13 259 отбасы 4,8 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін төленетін өтемақы көлемі 278 млн теңгеге жетті.
Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3 956 тұрғын үй тексеріліп, 2649 нысан бойынша бағалау жұмыстары жүргізілді.
524 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 670 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауында. Президент тапсырмасы бойынша зардап шеккен азаматтардың барлығына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.
Жаңалықтар
0