Қазақстанда жаңа электрондық цифрлық қолтаңба енгізілді

© Photo : Правительство для гражданУслуги, оказываемые в ЦОНах
Услуги, оказываемые в ЦОНах  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2024
Жазылу
Енді екі цифрлық қолтаңба файлының орнына біреу болады
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Қазақстан электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) жаңа форматына көшті, деп хабарлайды Ұлттық куәландыру орталығының баспасөз қызметі.
Орталықтың мәліметінше, жаңа ЭЦҚ екі файлдың орнына бір файлдан тұрады.
Бұрын электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу кезінде қазақстандықтар екі кілт алатын:
1.AUTH RSA – пайдаланушыны авторизациялау үшін пайдаланылады;
2.RSA – алынған қызметке қол қою үшін пайдаланылады.
Енді кілт GOST Р 34.10-2015 жаңа мемлекетаралық криптографиялық стандартқа сәйкес шығарылады. Оның көмегімен мемлекеттік қызметтерге кіруге де, қол қоюға да болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңба адамның нақты қолтаңбасы ретінде қолданылады және мемлекеттік қызметтердің кең ауқымын алу үшін қолданылады.
Мысалы, зейнетақы жинағының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушылардың біріне аудару, жеңілдетілген ипотекаға өтініш беру және тағы басқа қызмет үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
Жаңалықтар
0