https://sputnik.kz/20240429/politseydin-zhumbaq-olimi-ministrlik-tusinikteme-berdi-43978960.html
Полицейдің жұмбақ өлімі: министрлік түсініктеме берді
Полицейдің жұмбақ өлімі: министрлік түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Құқық қорғау органдары қалааралық тас жолда тәртіп сақшысын қағып өлтірген көлікті іздестіріп жатыр 29.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-29T12:55+0500
2024-04-29T12:55+0500
2024-04-29T12:55+0500
полиция
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_0:235:4513:2773_1920x0_80_0_0_e96e7fd726a090c4e5e1d86ea435d0b5.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Бір күн бұрын қалааралық тас жолда көлік қаққан белгілері бар полиция қызметкерінің мәйіті табылды. Қазір жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде.Қазақстан ІІМ-нің хабарлауынша, жол апаты 28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосібір тас жолында (Солтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін аумақта) болған.Олар қазір адамды соққан көлік жүргізушісін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын түсіндірді."Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полицейлер.Сонымен бірге Қазақстанның Ішкі істер министрлігі қаза тапқан адамның кім екенін жарияламады.Дегенмен, el.kz сайтының дерегінше, жол апатынан облыстық ішкі істер департаменті жетінші бөлімінің басшысы Сапар Ауғалиев көз жұмған, редакция ақпарат әлі расталмағанын атап өтті.Көптеген сынық жарақаты бар марқұмның денесі "Мария" дәмханасының жанынан табылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_250:0:4261:3008_1920x0_80_0_0_a7826cb519f4ebfdbb456068e8c52317.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция
Полицейдің жұмбақ өлімі: министрлік түсініктеме берді
Құқық қорғау органдары қалааралық тас жолда тәртіп сақшысын қағып өлтірген көлікті іздестіріп жатыр
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Бір күн бұрын қалааралық тас жолда көлік қаққан белгілері бар полиция қызметкерінің мәйіті табылды. Қазір жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде.
Қазақстан ІІМ-нің хабарлауынша, жол апаты 28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосібір тас жолында (Солтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін аумақта) болған.
"48 жастағы полиция қызметкерін қағып, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Олар қазір адамды соққан көлік жүргізушісін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
"Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полицейлер.
Сонымен бірге Қазақстанның Ішкі істер министрлігі қаза тапқан адамның кім екенін жарияламады.
Дегенмен, el.kz сайтының дерегінше, жол апатынан облыстық ішкі істер департаменті жетінші бөлімінің басшысы Сапар Ауғалиев көз жұмған, редакция ақпарат әлі расталмағанын атап өтті.
Көптеген сынық жарақаты бар марқұмның денесі "Мария" дәмханасының жанынан табылды.