https://sputnik.kz/20240429/memleket-kirisine-40-mlrd-tenge-qaytaryldy-qarzhy-tasqyn-saldaryn-zhoyuga-bagyttalady-43988602.html
Мемлекет кірісіне 40 млрд теңге қайтарылды: қаржы тасқын салдарын жоюға бағытталады
Мемлекет кірісіне 40 млрд теңге қайтарылды: қаржы тасқын салдарын жоюға бағытталады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару... 29.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-29T22:00+0500
2024-04-29T22:00+0500
2024-04-29T22:00+0500
бюджет
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948641_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_6865f8fff55e22ac78e623a8b643f6e1.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kzКомиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді."Активтерді қайтару жұмыстары – бұл мемлекет басшысының әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі саясатының тікелей іске асырылуы. Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948641_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_431bee73ec5220212f5c6a0a1b3b5e04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бюджет, су тасқыны
Мемлекет кірісіне 40 млрд теңге қайтарылды: қаржы тасқын салдарын жоюға бағытталады
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz
Комиссия жалпы көлемі 40 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдады, оның 38 млрд теңгеден астамы – ақшалай қаражат, сондай-ақ Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады.
Бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды, оның аясында "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.
"Активтерді қайтару жұмыстары – бұл мемлекет басшысының әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру жөніндегі саясатының тікелей іске асырылуы. Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады", — деп атап өтті Олжас Бектенов.