Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Киевтің адам құқықтарына қатысты ұстанымына пікір білдірді

© Sputnik / Алексей ВитвицкийФлаги с символикой Евросоюза
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Еуроодақ Киевтің Украинадағы адам құқықтарын сақтау деңгейін төмендету туралы шешіміне және Еуропа Кеңесіне жіберілген тиісті мәлімдемеге түсініктеме бере отырып, бұл елдегі "күрделі жағдайларды" ескеру қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін хабарлағандай, Украина соғыс жағдайы кезінде Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан ауытқу параметрлерін қайта қарады және Украина билігі Еуропа кеңесіне сәйкес мәлімдемені сәуір айының басында жолдаған.
"Егер украиналық серіктестерімізге қандай да бір сұрақтар туындаса, біз оларды талқылаймыз және украиналықтардың қандай да бір қаскөйлікпен қадам жасағысы келетініне сенбейміз. Олардың қандай қиын жағдайларда әрекет ететінін жақсы түсінеміз. Олардың бұл қадамдарды халықаралық міндеттемелерін, ЕО-дағы біз үшін, Украинамен қарым-қатынасымыз үшін өте маңызды құндылықтарды бұзуға бағытталған деп санауға себеп жоқ", - деді Брюссельде өткен брифингте ЕО сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Петер Стано.
Сонымен бірге, ол "жалпы алғанда, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу біз үшін басты рөл атқарады, бұл ЕО-ға кіру және макроқаржылық көмек көрсету процесіне де қатысты" деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0