https://sputnik.kz/20240429/bishimbaevtyn-isi-boyynsha-zharyssoz-bastaldy--translyatsiya-43981151.html
Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды – трансляция
Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды – трансляция
Sputnik Қазақстан
Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды 29.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-29T14:38+0500
2024-04-29T14:38+0500
2024-04-29T15:14+0500
қуандық бишімбаевтің ісі
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43691826_0:0:2560:1440_1920x0_80_0_0_a4e572adc4a1c1cdc1f2a1e56272afb2.jpg
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Астанада аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды.Қазақстанның Жоғарғы соты залдан онлайн-трансляция жасап жатыр.Сот отырысына төрағалық етіп жатқан судья Айжан Құлбаеваның айтуынша, жарыссөз 29 және 30 сәуірде, 2 және 3 мамырда өтеді, қажет болған жағдайда 4 мамырда жалғасады.Айта кетері, Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарады. Барлығы 12 алқаби бар, оның 10-ы негізгі, екеуі қосалқы. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды.Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/10/43691826_320:0:2240:1440_1920x0_80_0_0_ea7acca503bcbe15b8f2c9f06bb44f16.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаевтің ісі
Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды – трансляция
14:38 29.04.2024 (жаңартылды: 15:14 29.04.2024) Қуандық Бишімбаевтың соты алқабилердің қатысуымен өтіп жатыр. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Астанада аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды.
Қазақстанның Жоғарғы соты залдан онлайн-трансляция жасап жатыр.
Сот отырысына төрағалық етіп жатқан судья Айжан Құлбаеваның айтуынша, жарыссөз 29 және 30 сәуірде, 2 және 3 мамырда өтеді, қажет болған жағдайда 4 мамырда жалғасады.
Айта кетері, Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарады. Барлығы 12 алқаби бар, оның 10-ы негізгі, екеуі қосалқы. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды.
Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).