Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөздерде Астана делдал болмайды

© Sputnik / Санат ИмангалиевАйбек Смадияров
Айбек Смадияров - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2024
Жазылу
Алматы Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің кездесуіне диалог алаңы ретінде қызмет атқарады
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Әзербайжан мен Армения арасындағы алдағы келіссөздер тек тараптар арасында өтеді, Астана делдал болмайды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
"Шынында да, Алматыда мұндай келіссөз жоспарланып отыр. Біз қазір Әзербайжан және Армениядағы әріптестерімізбен байланыс жасап жатырмыз. Алдағы келіссөздер тек тараптар арасында өтеді. Астана делдал болмайды. Біз тек "қолайлы кеңсе" қызметін атқарамыз", - деді Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте.
Толығырақ ақпаратты сыртқы істер министрлігі кейінірек ұсынады. Келіссөздер өтетін күн әлі белгісіз.
"Егер екі тарап бітімге келіп, біздің елдегі кездесуде қол қойса, оң ықпалы Қазақстанға ғана емес, бүкіл өңірге әсер етеді", - деп мәлімдеді Смадияров.
Бұған дейін президент Ильхам Әлиев Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлері жақын арада Алматыда кездесетінін айтты.
Жаңалықтар
0