"Алматы – Петропавл" бағытында қатынайтын пойыздың вагондары жаңартылды

© Sputnik / Тимур БатыршинЖолаушылар пойызы
Жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2024
Жазылу
Вагондар ауаны баптау жүйесімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, сондай-ақ бейнебақылау жүйесімен жабдықталған
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. "Алматы – Петропавл" бағытында қатынайтын жолаушылар пойызында 12 вагон жаңасына ауыстырылды, деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Тасымалдаушы – "Түрксіб Астана" ЖШС.
"Сонымен бірге тағы 10 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Жолаушылар вагондары "ЗИКСТО" АҚ отандық зауытында жасалған", - делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше вагондар ауаны баптау жүйесімен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, сондай-ақ тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар.
Алматы вокзалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2024
Өткен жылы 113 локомотив, 393 вагон сатып алынды
Жаңалықтар
0