Инфографика

2023 жылы Қазақстанда қанша бала дүниеге келді

Жазылу
Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы 2023 жылы бала тууға қатысты мәліметтерді жариялады
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. 12 айда Қазақстанда 388,4 мың бала дүниеге келді (2022 жылы 403,8 мың бала), оның ішінде 51,6%-ы ұл бала, 48,4%-ы қыз бала, деп хабарлады бюро.
Бұл ретте сәби босанғандардың 29%-ы 25-29 жас аралығындағы аналар, тағы 26%-ы 30-34 жастағы әйелдер.
"2023 жылы бала босанған ананың орташа жасы 29,7 жасты құрады", - дейді статистика мамандары.
Соңғы бір жылда Қазақстанда 4075 егіз (2022 жылы 4063), 48 үшем (бұрынғы жылы 50) және бір төртем дүниеге келген.
Толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіз.
Жаңалықтар
0