Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлады: жолға құм себіліп жатыр

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуАвтомобиль на трассе
Автомобиль на трассе - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2024
Жазылу
Таңертең қар аралас жаңбыр жауса, қазіргі сәтте қар жауып тұр
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында ауа райы күрт нашарлауына байланысты жолға құм себіліп жатыр, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.
"Жамбыл облысында ауа райының күрт өзгеруі салдарынан "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 573-593 шақырымы аралығында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, таңертең қар аралас жаңбыр жауса, қазіргі сәтте қар жауып тұр. Сол себепті жол-пайдалану техникасына шұғыл тәртіпте реагенттер тиеліп, автожолға құм себіліп жатыр.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерден қауіпсіз арақашықтықты сақтап, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды сұрады.
Жаңалықтар
0