Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде 4,7 млрд теңге жинады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент встретился с эвакуированными жителями СКО
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2024
Жазылу

Жиналған қаражатқа Қазақстанның батысында 114, ал солтүстігінде тағы 100 үй салынады
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған қайырымдылық қаражатының жалпы сомасы жариялады.
"Қазақстан халқына" қорына азаматтар мен компаниялардан жиналған қайырымдылық көлемі 4,72 миллиард теңгеге жетті", - делінген қор хабарламасында.
Бір аптаның ішінде қорға 2,18 миллиард теңге түсті, деп хабарлады қордағылар.
Қордың хабарлауынша, соңғы жеті күнде қазақстандық кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмектесуге зор үлес қосты.
"Ақниет групп" акционері Қайрат Итемгенов 1,3 миллиард теңге, ал Nomad Life және Nomad Insurance сақтандыру компанияларының жалғыз акционері Алмас Мыңбаев 450 миллион теңге бөлді.
"Қазақстан халқы" қоры мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы бастамасын қолдағандардың барлығына алғысын білдіреді", - деп мәлімдеді қордағылар.
Қайырымдылық жалғасуда, жиналған қаражаттың барлығы апаттан қираған аймақтарда үйлер салуға жұмсалады.
Қордың қамқоршылық кеңесі бұған дейін ауылдық елді мекендерге үй салуға 10 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдаған.
"Бүгінгі күні қор Батыс Қазақстан (114 үй) және Солтүстік Қазақстан облыстарының (100 үй) әкімдіктерімен су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үй салу туралы меморандумдарға қол қойды", - деп хабарлады қор.
Жақын арада Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстарында құрылыс жүргізілетін ауылдар мен аумақтар анықталып, осындай меморандумдарға да қол қойылады.
Алаяқтардан қорғану үшін қор қайырымдылық үшін ресми сайтта көрсетілген шоттар мен деректемелерді ғана пайдалануды сұрады.
Жаңалықтар
0