https://sputnik.kz/20240425/toqaev-qytay-qorganys-ministrin-qabyldady-43901813.html
Тоқаев Қытай қорғаныс министрін қабылдады
Тоқаев Қытай қорғаныс министрін қабылдады
Sputnik Қазақстан
Президент қазақ-қытай арасында мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанын атап өтті 25.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-25T18:01+0500
2024-04-25T18:01+0500
2024-04-25T18:17+0500
қытай
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/04/19/43900846_0:75:1280:795_1920x0_80_0_0_a9d2318b86b67b5238604c92601a05c6.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды.Мемлекет басшысының пікірінше, көпжақты құрылымдар аясында Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне қатысты көзқарастары ұқсас.Өз кезегінде ҚХР қорғаныс министрі Дун Цзюнь қонақжайлық көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі жоғары деңгейде өткенін атап өтті.Әңгімелесу барысында тараптар бітімгерлік, білім және әскери-техника салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/19/43900846_60:0:1220:870_1920x0_80_0_0_596e14e68f960553131450ba5c0797aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қасым-жомарт тоқаев
қытай, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Қытай қорғаныс министрін қабылдады
18:01 25.04.2024 (жаңартылды: 18:17 25.04.2024) Президент қазақ-қытай арасында мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанын атап өтті
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды.
Мемлекет басшысының пікірінше, көпжақты құрылымдар аясында Қазақстан мен Қытайдың өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелеріне қатысты көзқарастары ұқсас.
"Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде конструктивті диалог құрып, бір-бірімізге қолдау білдіріп келеміз. Сондай-ақ Қытайдың дүниежүзілік дамуға, жаһандық қауіпсіздік пен өркениетке қатысты ұсынған бастамаларын жоғары бағалаймыз әрі қолдаймыз. Бұл бастамалар әлемдегі қауіпсіздіктің қазіргі жүйесін нығайтуға оң үлес қосады деп санаймын", – деді президент.
Өз кезегінде ҚХР қорғаныс министрі Дун Цзюнь қонақжайлық көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кеңесі жоғары деңгейде өткенін атап өтті.
Әңгімелесу барысында тараптар бітімгерлік, білім және әскери-техника салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.