https://sputnik.kz/20240425/qazaqstanda-temeki-saudasy-80-ga-osti-43897317.html
Қазақстанда темекі саудасы 80%-ға өсті
Қазақстанда темекі саудасы 80%-ға өсті
Sputnik Қазақстан
Темекі өнімдерінің экспорты мен реэкспорты 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 760,5 миллион данаға жетіп, 1,5 есеге жуық өсті 25.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-25T15:30+0500
2024-04-25T15:30+0500
2024-04-25T15:30+0500
темекі
https://sputnik.kz/img/old/993/52/9935261_0:100:3068:1826_1920x0_80_0_0_10f0bd9f2c7f62ffc2ce2026250b204c.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстанда осы жылдың қаңтар-наурыз айларында темекі өнімдерінің өндірісі 3,2 миллиард дананы құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға аз, деп хабарлайды EnergyProm.Бір жыл бұрын да өндіріс көлемі 4,7%-ға төмендеген.Еліміздегі барлық темекі өндірісі тек Алматы облысында шоғырланған.Қазақстандық темекі фабрикалары 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында темекі өнімдеріне сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) 40,5%-ға қамтамасыз етті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай аз, ол кездегі үлес 85,5%-ды құраған. Импорттың үлесі сәйкесінше 14,5%-дан 59,5%-ға дейін өсті. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында елге 2,7 миллиард дана темекі өнімдері импортталды, бұл 2023 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда бірден 7,1 есе көп.Темекі өнімдерінің экспорты мен реэкспорты 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 760,5 миллион дананы құрап, 1,5 есеге жуық өсті.Сонымен қатар ішкі нарықта темекі мен папирос сатылымы бірден 80%-ға өсіп, 3,9 миллиард данаға жетті.Биыл наурыз айының соңында Қазақстанда темекі бағасы айына 0,5%-ға өсті. Жыл басынан бері ай сайынғы бағаның айтарлықтай өсуі қаңтарда байқалып, ол 3%-ға жетті.Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылдың наурыз айында темекі бағасы бір айда 0,4%-ға қымбаттады, ал айлық бағаның 3% көлеміндегі ең үлкен өсуі 2023 жылы қаңтарда тіркелді.Бір жыл ішінде темекі бағасы 18%-ға қымбаттады. Бір жыл бұрын баға өсімі 16,1% болған.Қазақстанда мына өңірлерде темекі бағасының жыл сайынғы ең көп өсуі тіркелген:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/993/52/9935261_219:0:2950:2048_1920x0_80_0_0_86ee7062ea45ab9f27da78bb7a2f0af0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
темекі
Қазақстанда темекі саудасы 80%-ға өсті
Темекі өнімдерінің экспорты мен реэкспорты 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 760,5 миллион данаға жетіп, 1,5 есеге жуық өсті
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстанда осы жылдың қаңтар-наурыз айларында темекі өнімдерінің өндірісі 3,2 миллиард дананы құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға аз, деп хабарлайды EnergyProm.
Бір жыл бұрын да өндіріс көлемі 4,7%-ға төмендеген.
Еліміздегі барлық темекі өндірісі тек Алматы облысында шоғырланған.
Қазақстандық темекі фабрикалары 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында темекі өнімдеріне сұранысты (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) 40,5%-ға қамтамасыз етті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай аз, ол кездегі үлес 85,5%-ды құраған. Импорттың үлесі сәйкесінше 14,5%-дан 59,5%-ға дейін өсті. 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында елге 2,7 миллиард дана темекі өнімдері импортталды, бұл 2023 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда бірден 7,1 есе көп.
Темекі өнімдерінің экспорты мен реэкспорты 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 760,5 миллион дананы құрап, 1,5 есеге жуық өсті.
Сонымен қатар ішкі нарықта темекі мен папирос сатылымы бірден 80%-ға өсіп, 3,9 миллиард данаға жетті.
Биыл наурыз айының соңында Қазақстанда темекі бағасы айына 0,5%-ға өсті. Жыл басынан бері ай сайынғы бағаның айтарлықтай өсуі қаңтарда байқалып, ол 3%-ға жетті.
Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылдың наурыз айында темекі бағасы бір айда 0,4%-ға қымбаттады, ал айлық бағаның 3% көлеміндегі ең үлкен өсуі 2023 жылы қаңтарда тіркелді.
Бір жыл ішінде темекі бағасы 18%-ға қымбаттады. Бір жыл бұрын баға өсімі 16,1% болған.
Қазақстанда мына өңірлерде темекі бағасының жыл сайынғы ең көп өсуі тіркелген:
Батыс Қазақстан облысында – 23,9%-ға;
Солтүстік Қазақстан облысында – 20,6%-ға;
Жамбыл облысында – 14,2%-ға;
Ақмола облысында – 15,3%-ға.