Қазақстан мен Түркия теміржолмен жүк тасымалдау көлемін бір жылда 40%-ға арттырды

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Анкараға барды
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Анкараға барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2024
Жазылу
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Анкараға барды
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қабылдауында болды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қабылдау барысында Бектенов Ердоғанға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Екі мемлекет басшылары деңгейінде кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында өзара іс-қимылды дамыту бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, аграрлық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық саласында белсенді іске асырылатыны аталып өтті.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Анкараға барды
Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов с рабочим визитом посетил Анкару - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2024
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Анкараға барды
Үкіметаралық келіссөздер барысында Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз өзара тиімді әріптестікті дамытудың нақты шараларын талқылады, сондай-ақ транзит және көлік, АӨК, өңдеу өнеркәсібі, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын кеңейтуге дайын екендерін жеткізді.
"Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің бірі және үздік 20 инвесторының қатарына кіреді. Бүгінде екі ел үкіметтері кем дегенде $10 млрд деңгейінде тұрақты сауда көлемін жүйелі түрде қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан Түркияға өнімнің 34 түрі бойынша жалпы құны $630 млн-нан астам тауар экспортын арттыруға ниетті. Олардың ішінде металлургия, мұнай-химия, азық-түлік және машина жасау өнеркәсібінің өнімдері бар.
Ал түрік тарапы экономиканың перспективалы бағыттары бойынша жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Тек бір жылдың ішінде темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі шамамен 40%-ға өскен. Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін дамыту шеңберінде жүк тасымалы көлемін үш есеге ұлғайту мәселелерін талқылады.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Анкараға барды
Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов с рабочим визитом посетил Анкару - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2024
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Анкараға барды
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 13-ші отырысы шеңберінде делегациялар кеңейтілген құрамда өнеркәсіптік кооперацияны нығайту тетігін қарастырып, фармацевтикалық өндірісті локализациялау, медицина саласында озық тәжірибе алмасу және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту жоспарларын белгіледі.
Екіжақты диалог әрі қарай іскер топтардың 500-ден астам өкілінің қатысуымен өткен бизнес-форум аясында жалғасты, оның барысында түрік кәсіпкерлері Қазақстанның инвестициялық ахуалымен және инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен танысты. Бүгінде жалпы құны шамамен $3,8 млрд болатын 100-ге жуық бірлескен қазақ-түрік инвестициялық жобасы іске асырылуда.
Жаңалықтар
0