https://sputnik.kz/20240425/polshanyn-qorganys-ministri-ukraindardy-otanyna-qaytaruga-dayyn-ekenin-malimdedi-43892444.html
Польшаның қорғаныс министрі украиндарды отанына қайтаруға дайын екенін мәлімдеді
Польшаның қорғаныс министрі украиндарды отанына қайтаруға дайын екенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Польша арнайы әскери операция басталғаннан кейін Украинадан кеткен әскер жасындағы ер азаматтарды еліне қайтаруға көмектесуге... 25.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-25T09:57+0500
2024-04-25T09:57+0500
2024-04-25T09:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
әскерилер
https://sputnik.kz/img/07e8/02/16/42432695_0:0:3272:1841_1920x0_80_0_0_fb1dd5b3bede73c32bb5b32b99bdb1e2.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Польша арнайы әскери операция басталғаннан кейін Украинадан кеткен әскер жасындағы ер азаматтарды еліне қайтаруға көмектесуге дайын, деп хабарлады Польша қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш.Сонымен бірге Косиняк-Камыш ресми Варшаваның Киевке нақты қалай көмектесе алатынын айтпай, "кез келген көмек болуы мүмкін" деп мәлімдеді.Украинаның "Документ" мемлекеттік кәсіпорны сейсенбіде "техникалық себептерге" байланысты өзінің шетелдік филиалдарында дайын құжаттарды беруді тоқтатқанын хабарлады. Украина сыртқы істер министрлігі шетелдік дипломатиялық мекемелердің басшыларына 23 сәуірден бастап Украинаға қайту үшін жеке куәлік беруді қоспағанда, әскери жастағы Украина азаматтарына қатысты барлық консулдық қызметті тоқтатуды талап ететін құжат жолдады, деп жазды жергілікті БАҚ. Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба шетелде әскери қызметке жауапты украиналық ер азаматтарға консулдық қызмет көрсетудің тоқтатылғанын растады.16 сәуірде Владимир Зеленский Украинада мобилизацияны күшейту туралы заңға қол қойды, ол 18 мамырда күшіне енеді. Құжат күшіне енген күннен бастап 60 күн ішінде әскери қызмет өткеруге міндетті барлық тұлғаны әскери комиссариаттағы мәліметтерін жаңартуды міндеттейді. Ол үшін әскери комиссариатқа өзі келу керек немесе әскерге шақырылушының электрондық кабинетінде тіркелу керек және осы кабинет арқылы да әскерге шақыру қағазын беруге болады. Әскерге шақырылушы оны өзі көрмесе де, шақыру қағазы тапсырылған болып есептеледі: құжатқа жеке жеткізу мүмкін еместігі туралы мөр басылған күн шақыру қағазы табысталған күні болып есептеледі.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/16/42432695_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_c7455b08770a2d7406ab943cb465f8fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, әскерилер
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Польша арнайы әскери операция басталғаннан кейін Украинадан кеткен әскер жасындағы ер азаматтарды еліне қайтаруға көмектесуге дайын, деп хабарлады Польша қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш.
"Менің ойымша, қонақүйлер мен кафелерде украиндық жігіттерді көргенде және Украинаға көмектесу үшін қанша күш салу керектігін естігенде көптеген поляк ашуланады", - деп келтірді оның сөзін Reuters.
Сонымен бірге Косиняк-Камыш ресми Варшаваның Киевке нақты қалай көмектесе алатынын айтпай, "кез келген көмек болуы мүмкін" деп мәлімдеді.
Украинаның "Документ" мемлекеттік кәсіпорны сейсенбіде "техникалық себептерге" байланысты өзінің шетелдік филиалдарында дайын құжаттарды беруді тоқтатқанын хабарлады. Украина сыртқы істер министрлігі шетелдік дипломатиялық мекемелердің басшыларына 23 сәуірден бастап Украинаға қайту үшін жеке куәлік беруді қоспағанда, әскери жастағы Украина азаматтарына қатысты барлық консулдық қызметті тоқтатуды талап ететін құжат жолдады, деп жазды жергілікті БАҚ. Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба шетелде әскери қызметке жауапты украиналық ер азаматтарға консулдық қызмет көрсетудің тоқтатылғанын растады.
16 сәуірде Владимир Зеленский Украинада мобилизацияны күшейту туралы заңға қол қойды, ол 18 мамырда күшіне енеді. Құжат күшіне енген күннен бастап 60 күн ішінде әскери қызмет өткеруге міндетті барлық тұлғаны әскери комиссариаттағы мәліметтерін жаңартуды міндеттейді.
Ол үшін әскери комиссариатқа өзі келу керек немесе әскерге шақырылушының электрондық кабинетінде тіркелу керек және осы кабинет арқылы да әскерге шақыру қағазын беруге болады. Әскерге шақырылушы оны өзі көрмесе де, шақыру қағазы тапсырылған болып есептеледі: құжатқа жеке жеткізу мүмкін еместігі туралы мөр басылған күн шақыру қағазы табысталған күні болып есептеледі.