Есірткі тұтынған Air Astana ұшқышы қызметтен шеттетілді

© Photo : Пресс-служба Air Astana Группа авиакомпаний Air Astana объявляет об успешном завершении приема заявок в рамках IPO
Группа авиакомпаний Air Astana объявляет об успешном завершении приема заявок в рамках IPO - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2024
Жазылу
Компания экипаждарды үнемі тексеріп тұрғанмен, құқық бұзушы ұшқыш жұмысын сақтап келген
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы есірткі тұтынған күйінде ұсталған ұшқышты қызметінен шеттетті, деп хабарлады компания.
"Әуе компаниясының екінші ұшқышы 2024 жылдың 23 сәуірінде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшу кезінде ұсталды", - деп хабарлады компания.
Компания мәліметіне сәйкес, қауіпсіздік органдары Air Astana қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"Air Astana компаниясы өз қызметкерінің алкоголь немесе есірткіні тұтынуына қатаң көзқараспен қарайды, өйткені біз ұшу қауіпсіздігіне басымдылық береміз", - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы экипаж мүшелерінің қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді.
Осыған байланысты әуе компаниясы ұшқышты дереу шеттетті, деп хабарлады компания.
Жаңалықтар
0