https://sputnik.kz/20240425/batys-qazaqstanda-30-mln-tekshe-metr-su-qamys-samar-kolderine-zhiberildi-43898104.html
Батыс Қазақстанда 30 млн текше метр су Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді
Батыс Қазақстанда 30 млн текше метр су Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді
Sputnik Қазақстан
Қамыс-Самар көлдері киіктер мен өзге де жануарлар үшін миграция жолындағы табиғи суат көзі болып саналады 25.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-25T22:47+0500
2024-04-25T22:47+0500
2024-04-25T22:47+0500
су
көл
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0d/42260639_0:0:3074:1730_1920x0_80_0_0_14fa92fe63f92f89236c8d0af9ed5e7a.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Ресейден Саратов каналы арқылы келген тасқын судың 30 млн текше метрі Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.Айта кетері, аталған көлдер жүйесіне соңғы 20 жылда су бармаған.Қамыс-Самар көлдері киіктер мен өзге де жануарлар үшін миграция жолындағы табиғи суат көзі болып саналады. Жайық арқылы келген су "Қазсушар" мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесіне жиналады.Түскен су жүйе бойында орналасқан 65 мың гектардан астам шабындық алқабын, жазғы жайылымдарды суландыруға және су қоймаларын толтыруға мүмкіндік береді.Сондай-ақ "Қазсушар" мамандары соңғы жылдары құрғауға айналған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және тағы да басқа табиғи көлдерге су жіберуге ниетті.Соңғы отыз жылда Сарыөзен бойынша Жаңақазан ауылы маңындағы Айдын, Сарыайдын көлдеріне, Қараөзен бойынша Сарыкөл ауылына дейін ғана су беріліп келді.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/0d/42260639_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_36519e0cf69bec6b3028a75091e4e080.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, көл, батыс қазақстан облысы
су, көл, батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстанда 30 млн текше метр су Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді
Қамыс-Самар көлдері киіктер мен өзге де жануарлар үшін миграция жолындағы табиғи суат көзі болып саналады
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Ресейден Саратов каналы арқылы келген тасқын судың 30 млн текше метрі Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетері, аталған көлдер жүйесіне соңғы 20 жылда су бармаған.
Қамыс-Самар көлдері киіктер мен өзге де жануарлар үшін миграция жолындағы табиғи суат көзі болып саналады. Жайық арқылы келген су "Қазсушар" мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесіне жиналады.
"Биыл тасқын суының қарқынды келуіне байланысты Жайық-Көшім жүйесіне 840 млн – 1 млрд текше метрге дейін су жинау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Түскен су жүйе бойында орналасқан 65 мың гектардан астам шабындық алқабын, жазғы жайылымдарды суландыруға және су қоймаларын толтыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ "Қазсушар" мамандары соңғы жылдары құрғауға айналған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және тағы да басқа табиғи көлдерге су жіберуге ниетті.
Соңғы отыз жылда Сарыөзен бойынша Жаңақазан ауылы маңындағы Айдын, Сарыайдын көлдеріне, Қараөзен бойынша Сарыкөл ауылына дейін ғана су беріліп келді.