https://sputnik.kz/20240425/aqsh-ukrainaga-zhoneltken-zymyrandardyn-sany-belgili-boldy-43899040.html
АҚШ Украинаға жөнелткен зымырандардың саны белгілі болды
АҚШ Украинаға жөнелткен зымырандардың саны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден ақпан айында Украинаға жөнелтуді мақұлдаған үлкен қашықтыққа ұшатын ATACMS жедел-тактикалық... 25.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-25T21:29+0500
2024-04-25T21:29+0500
2024-04-25T21:29+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
зымыран
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0c/26073590_0:135:3073:1863_1920x0_80_0_0_3bf6923ce9889ef4775c1bbc86c1b158.jpg
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден ақпан айында Украинаға жөнелтуді мақұлдаған үлкен қашықтыққа ұшатын ATACMS жедел-тактикалық зымырандарының саны 100-ден астам екені анықталды, деп хабарлады америкалық New York Times газеті ақпарат көздеріне сілтеме жасап.Басылымның дереккөзі атап өткендей, АҚШ өткен аптада Украинаға ATACMS зымырандарын жасырын жеткізген және украин әскерлері бұл қаруды бірден қолданған.Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Вашингтонның Киевке ATACMS жедел-тактикалық зымырандарын жеткізгені туралы ақпаратқа түсініктеме бере отырып, Ресей өз мақсатына жететінін, бірақ бұл Украинаның өзіне көбірек қиындық әкелетінін айтты.Сәрсенбіде Пентагон РИА Новости агенттігіне Украина аумағында пайдалану үшін үлкен қашықтыққа ұшатын ATACMS жедел-тактикалық зымырандарының берілгенін растады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0c/26073590_119:0:2850:2048_1920x0_80_0_0_ca8302423f05d228ed23d4a9493275bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зымыран
АҚШ Украинаға жөнелткен зымырандардың саны белгілі болды
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден ақпан айында Украинаға жөнелтуді мақұлдаған үлкен қашықтыққа ұшатын ATACMS жедел-тактикалық зымырандарының саны 100-ден астам екені анықталды, деп хабарлады америкалық New York Times газеті ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
"Ақпан айының ортасында АҚШ президенті Джо Байден 100-ден астам үлкен қашықтыққа ұшатын зымыранды, үлкен көлемде кассеталық оқ-дәріні жеткізуді құпия түрде мақұлдады. Олар наурыз айында Украинаға 300 миллион долларға қару-жарақ жеткізудің бір бөлігі болды", - деп жазылған басылымның америкалық шенеунікке сілтеме жасаған хабарламасында.
Басылымның дереккөзі атап өткендей, АҚШ өткен аптада Украинаға ATACMS зымырандарын жасырын жеткізген және украин әскерлері бұл қаруды бірден қолданған.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Вашингтонның Киевке ATACMS жедел-тактикалық зымырандарын жеткізгені туралы ақпаратқа түсініктеме бере отырып, Ресей өз мақсатына жететінін, бірақ бұл Украинаның өзіне көбірек қиындық әкелетінін айтты.
Сәрсенбіде Пентагон РИА Новости агенттігіне Украина аумағында пайдалану үшін үлкен қашықтыққа ұшатын ATACMS жедел-тактикалық зымырандарының берілгенін растады.