ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі Своик Қазақстанның өнеркәсіптегі болашағы туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневПетр Своик
Петр Своик - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Жазылу
Петр Своик Қазақстан басқа елдермен бірге өнеркәсіптік тірек құруы керек деп санайды
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі Петр Своик "Еуразия" коммерциялық емес ұйымының құрылуын құптап, елдер арасындағы ынтымақтастықтың қажеттігін айтты. Ол өзара әрекеттесудің үш бағытын атады.
"Осы ұйымда ілгерілету пайдалы болатын экономикалық бағыттардың ішінде мен үшеуін атайын. Президент Тоқаевтың алға қойған мақсатын негізге алайын. Бұл берік экономикалық тірек құру. Бізде барлық дерлік зауыттар мен фабрикалардың орнында көтерме ьазарлар мен сауда орталықтары бой көтерген. Неге? Себебі, біз әлемдік нарыққа шыққанда, бізге тек шикізаттық провинция орны ғана бос болды. Сондықтан, елде өндіруден гөрі шетелден сатып алу тиімдірек еді", - деді Петр Своик ұйымның тұсаукесерінде.
"Бізді осы шикізат шұңқырына тартып жатыр, тартып жатыр", - деді ол.
Своиктің айтуынша, Қазақстан әлемдік нарыққа өнеркәсіп өндірісінің 90%-ға жуық үлесімен шықты. Бүгінгі таңда Қазақстанда бұл көрсеткіш 37%-ды құраса, қалғаны сауда және басқа да қызметтер.
"Біз мұнымен жалғыз айналыса алмаймыз. Бұл бірлескен жұмыс үшін бізге қазақстандық қана емес, сонымен қатар ресейлік, беларусьтік, еуразиялықтардың өнеркәсіптік жоспары қажет. Осы жоспарға шетелдік емес, жергілікті қаражат керек. Бұл басқаша мүмкін емес, өмірдің өзі бізді осы жаққа итермелеп жатыр" , - деді Петр Своик.
Екінші бағыт – электр энергетикасы.
"Қазір Балқаш атом электр станциясының уақыиы келді. Себебі, Балқаш қана Қазақстанның солтүстігін оңтүстікпен байланыстыра алады. Солтүстікті – шартты түрде Қарағандыға дейін байланыстырады. Ол жерде барлығы Ресейдің энергетикалық жүйесімен ортақ. Сонымен қатар, Қырғызстандағы Қамбар-Ата су электр станциясын салу үшін барлығы бірлесіп жұмыс істеуі керек, бұл тек электр қуатының тапшылығын ғана емес, су мәселесін де шешеді", - деді ол.
Ол соңғы мәселе ретінде Қазақстанның батысында өндірілген мұнайдың Каспий теңізінен Новороссийск портына жетіп, одан кейін Румынияға жеткізіліп, сол жерде отынға өңделіп, Украинаға жеткізілуін дұрыс схема деп атады.
Ол Қазақстан 2022 жылғы референдумда жер мен жер қойнауы халық меншігі деген түзету қабылдағанын еске салды.
"Өндірістік бөлімшеде жер қойнауын пайдалануды қалай реформалау керектігін шешу керек. Мұнай қазақтыкі, көлікресейлік болғанша, мұның бәрін бір жүйеге келтіріп, бүтін бір кешен құру керек", - деді Своик.
Жаңалықтар
0