https://sputnik.kz/20240424/tasqyn-saldarynan-qazaqstan-khalyq-assambleyasynyn-sessiyasy-onlayn-formatta-otedi----toqaev-43878171.html
Тасқын салдарынан Қазақстан халық Ассамблеясының сессиясы онлайн форматта өтеді - Тоқаев
Тасқын салдарынан Қазақстан халық Ассамблеясының сессиясы онлайн форматта өтеді - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 сәуір - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты... 24.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-24T16:52+0500
2024-04-24T16:52+0500
2024-04-24T16:52+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/old/1176/84/11768447_136:0:1500:767_1920x0_80_0_0_5242311bf112eb7715396b41b56350c6.jpg
АСТАНА, 24 сәуір - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі. ҚХА Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді. Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады. Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1176/84/11768447_316:0:1339:767_1920x0_80_0_0_052007406919b2c53127b530182068e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тасқын салдарынан Қазақстан халық Ассамблеясының сессиясы онлайн форматта өтеді - Тоқаев
АСТАНА, 24 сәуір - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
ҚХА Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы және Ассамблеяның XXXIIІ сессиясына дайындық барысы жөнінде есеп берді.
Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысады. Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы зор үлес қосқанын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея жұмысын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.