Маңғыстау облысында мүгедек жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Жазылу
Күдіктілер Ақтау қаласының аумағында ұсталды
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысында мүгедек жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген адамдар ұсталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"Кедергісіз қала" пилоттық жобасын іске асыру аясында Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 22 сәуірде Ақтау қаласының аумағында күдіктілерді ұстады.
Полиция департаменті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2023
Атырауда туған сіңлісін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел ұсталды
Жаңалықтар
0