Гуманитарлық жүктер ақылы жолдармен тегін тасымалданады – ҚазАвтоЖол

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Жазылу
Тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін 1403 байланыс орталығына өтінім қалдыруы қажет
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жөнелтілген барлық гуманитарлық жүк ақылы жолдармен тегін тасымалданады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ.
2024 жылдың 24 сәуірі мен 5 мамыры аралығында ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет.
Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.
Масштабные паводки в Казахстане весной 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2024
Су тасқыны: министрлік өңірлердегі жағдай туралы соңғы ақпаратты бөлісті
Жаңалықтар
0