https://sputnik.kz/20240424/eki-myn-sauda-ortalygy-tekserildi--bas-prokuratura-43866237.html
Екі мың сауда орталығы тексерілді – Бас прокуратура
Екі мың сауда орталығы тексерілді – Бас прокуратура
Sputnik Қазақстан
Бас прокуратурада террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуы, сондай-ақ олардың өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды 24.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-24T08:58+0500
2024-04-24T08:58+0500
2024-04-24T11:57+0500
теракт
https://sputnik.kz/img/573/59/5735909_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_dc923f0cc77d1b1cdc59f4f53ff1ea9e.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және төтенше жағдайлар органдарының жауапты қызметкерлері ресейлік "Крокус Сити Холдағы" терактіден кейін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстарының аралық нәтижесін бөлісті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев атқарылған жұмыстар туралы баяндамаларды, өзара іс-қимылды жақсарту, ақпарат алмасу және түрлі қауіп-қатерлерге ден қою шаралары, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды тыңдады.Кеңесте 2000-ға жуық ірі сауда ойын-сауық орталығы мен басқа да адамдар көп жиналатын объектілер тексерілгені белгілі болды. Бұл объектілердің иелері мен қауіпсіздік қызметтері теракт қаупі төнген жағдайда әрекет етудің жаңа тәсілдерін үйренген.Өмірәлиев бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауды, адамдар көп жиналатын орындарда заманауи цифрлық шешімдер мен бейнебақылау жүйелерін қолдануды, кез келген қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын шұғыл түрде кесуді тапсырды.Естеріңізге сала кетейік, Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холдағы" қайғылы оқиғадан кейін сауда және ойын-сауық орталықтары мен басқа да адамдар көп жиналатын орындар тексеріле бастады.Мұндай орындарға сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет (театрлар, концерттік және кинозалдар, музейлер), білім беру (мектептер, жоғары оқу орындары), денсаулық сақтау (емханалар, ауруханалар), қоғамдық тамақтану (мейрамханалар, кафелер, асханалар), дене шынықтыру-cауықтыру және спорттық ғимараттары (стадиондар, тренажер залдары), туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, отельдер), ғибадат үйлері және т.б. жатады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/573/59/5735909_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_2d2e700468582ac05033882d6a9ea957.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теракт
Екі мың сауда орталығы тексерілді – Бас прокуратура
08:58 24.04.2024 (жаңартылды: 11:57 24.04.2024) Бас прокуратурада террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуы, сондай-ақ олардың өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және төтенше жағдайлар органдарының жауапты қызметкерлері ресейлік "Крокус Сити Холдағы" терактіден кейін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстарының аралық нәтижесін бөлісті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев атқарылған жұмыстар туралы баяндамаларды, өзара іс-қимылды жақсарту, ақпарат алмасу және түрлі қауіп-қатерлерге ден қою шаралары, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды тыңдады.
Кеңесте 2000-ға жуық ірі сауда ойын-сауық орталығы мен басқа да адамдар көп жиналатын объектілер тексерілгені белгілі болды. Бұл объектілердің иелері мен қауіпсіздік қызметтері теракт қаупі төнген жағдайда әрекет етудің жаңа тәсілдерін үйренген.
Өмірәлиев бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстауды, адамдар көп жиналатын орындарда заманауи цифрлық шешімдер мен бейнебақылау жүйелерін қолдануды, кез келген қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын шұғыл түрде кесуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Мәскеу түбіндегі "Крокус Сити Холдағы" қайғылы оқиғадан кейін сауда және ойын-сауық орталықтары мен басқа да адамдар көп жиналатын орындар тексеріле бастады.
Мұндай орындарға сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет (театрлар, концерттік және кинозалдар, музейлер), білім беру (мектептер, жоғары оқу орындары), денсаулық сақтау (емханалар, ауруханалар), қоғамдық тамақтану (мейрамханалар, кафелер, асханалар), дене шынықтыру-cауықтыру және спорттық ғимараттары (стадиондар, тренажер залдары), туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, отельдер), ғибадат үйлері және т.б. жатады.