Ақтөбе облысында тасқын кезінде азық-түлік бағасын көтерген 17 кәсіпкер жауапқа тартылды

© Sputnik / Виталий БелоусовПродуктовая корзина.
Продуктовая корзина. - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде бүкіл өңір бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді.
Жүргізілген мониторинг барысында кәсіпкерлер жағдайды пайдаланып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтерген фактілер анықталды. Бұл кәсіпкерлік субъектілеріне ескертулер мен айыппұлдар түрінде әкімшілік жазалар қабылданды.

"17 сауда субъектісі жауапқа тартылып, оның ішінде екі субъект төтенше жағдай режимі жарияланған аудандарда болғаны анықталды. Бұдан басқа, аудандардағы тағы төрт дүкен иесіне қатысты әкімшілік істер қаралуда", - деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев.

Облыс тұрғындары үшін "Жедел желі" ұйымдастырылған. Бұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілу фактілері туралы хабарлауға болады. Тұрғындар сауда үстемесі 15% - тен асқан жағдайда, Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөліміне немесе Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарлай алады.
Жаңалықтар
0