https://sputnik.kz/20240424/6-mynga-zhuyq-qazaqstandyq-arnauly-aleumettik-tolem-alady-43873387.html
6 мыңға жуық қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алады
6 мыңға жуық қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алады
Sputnik Қазақстан
Төлем алу үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кемінде 7 жыл зейнетақы аударымын жасау міндетті шарт саналады 24.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-24T14:12+0500
2024-04-24T14:12+0500
2024-04-24T14:12+0500
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/1249/27/12492743_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_f93a9819860302fe1765433cb4be7dc7.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жыл басынан бері 5 918 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істегені үшін арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қабылдауға барлығы 6 648 адам өтініш білдіргенін хабарлады.Арнаулы әлеуметтік төлемге 2 көзден (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 612 адам жүгінді, оның ішінде 2 517 адамға тағайындалды.Арнаулы әлеуметтік төлемді 4 көзден (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 4 036 адам өтініш білдірген, оның ішінде 3 401 адамға тағайындалған.Сондай-ақ, 447 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтіп отыр, 90 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 193 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.Аймақтар бойынша 2 көзден арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден – 462 адам, 4 көзден – 798 адам), Қостанай (2 көзден – 304 адам, 4 көзден – 659 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден – 235 адам, 4 көзден – 574 адам) облыстарында тіркелген.Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарт болып саналады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдер алады.БЖЗҚ деректері бойынша 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер арнаулы әлеуметтік төлемге үміткер бола алады, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/27/12492743_250:0:1750:1125_1920x0_80_0_0_7e3114a6a58d66dce4be2addd8b13f8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем
6 мыңға жуық қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алады
Төлем алу үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кемінде 7 жыл зейнетақы аударымын жасау міндетті шарт саналады
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Жыл басынан бері 5 918 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істегені үшін арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
қабылдауға барлығы 6 648 адам өтініш білдіргенін хабарлады.
Арнаулы әлеуметтік төлемге 2 көзден (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 612 адам жүгінді, оның ішінде 2 517 адамға тағайындалды.
Арнаулы әлеуметтік төлемді 4 көзден (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 4 036 адам өтініш білдірген, оның ішінде 3 401 адамға тағайындалған.
Сондай-ақ, 447 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтіп отыр, 90 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 193 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.
Аймақтар бойынша 2 көзден арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден – 462 адам, 4 көзден – 798 адам), Қостанай (2 көзден – 304 адам, 4 көзден – 659 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден – 235 адам, 4 көзден – 574 адам) облыстарында тіркелген.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарт болып саналады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдер алады.
БЖЗҚ деректері бойынша 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер арнаулы әлеуметтік төлемге үміткер бола алады, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады.