Зейнетақы жинағы бір жылда 22,6%-ға өсті – БЖЗҚ

© Sputnik / Тимур БатыршинЛоготип Единого накопительного пенсионного фонда
Логотип Единого накопительного пенсионного фонда  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Жазылу
2024 жылдың 3 айында зейнетақы жарнасының көлемі 623,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27,9%-ға немесе 136,2 млрд теңгеге көп
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. 2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ салымшыларының (алушылардың) жеке және шартты шоттарында 18,9 триллион теңге көлемінде зейнетақы жинағы бар, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Осы жылдың басынан бері олардың өсімі шамамен 1,02 триллион теңгені (5,7%-ды) құрады. Өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда зейнетақы жинағының көлемі 3,5 триллион теңгеге немесе 22,6%-ға артқан.
2024 жылдың 3 айында зейнетақы жарналарының көлемі 623,6 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,9%-ға немесе 136,2 миллиард теңгеге артық.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) – 20,2%, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы (МКЗЖ) – 22,1%, ерікті зейнетақы жарнасы (ЕЗЖ) – 41,2% өсім көрсетті.
Қазақстандықтардың жинағының 96,6%-ы МЗЖ арқылы қалыптасты, оның көлемі 2024 жылдың 4 ақпанындағы жағдай бойынша 18,2 триллион теңгеден астамды құрады (бір жыл ішінде өсім – 22,3%, жыл басынан бері – 5,5%) .
МКЗЖ бойынша зейнетақы жинағының сомасы бір жылда 25,8%-ға, ал биылғы жылдың басынан бері 5,5%-ға ұлғайып, 599,7 миллиард теңгені құрады. Ең жоғары өсім (бір жыл ішінде 49%, жыл басынан бері 11,3%) көлемі 5,9 миллиард теңгені құраған ерікті зейнетақы жарналары да (ЕЗҚ) өсім көрсетті.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) қосымша қаражат ретінде аударылады. 2024 жылдың 3 айында ЖМЗЖ бойынша зейнетақы жинағының сомасы шамамен 37,5 миллиард теңгені құрады.
БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына жыл басынан бері есептелген таза инвестициялық кіріс шамамен 569,5 миллиард теңгені құрады.
Бірыңғай зейнетақы қорынан төлемдер түріндегі шығыс қаражат осы жылдың үш айында шамамен 193 миллиард теңгені құрады. Бұл ретте бұл соманың негізгі бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – бұл шамамен 83,7 миллиард теңге және өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе жоғары.
Зейнет жасына жетуге байланысты төлемдер шамамен 44,6 миллиард теңгені құрады.
Сондай-ақ мұрагерлік бойынша төлемдер – 13 миллиард теңге, Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұруға қоныс аударуына байланысты төлемдер – 7,7 миллиард теңге, мүгедектерге – 790,3 миллион теңге, жерлеу төлемдері – 2,5 миллиард теңге төленді. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 40,8 миллиард теңге аударылды.
Бірыңғай зейнетақы қорынан кесте бойынша орташа айлық төлем (зейнет жасына жетуіне байланысты) 33 985 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 945 752 теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде Бірыңғай зейнетақы қорынан кесте бойынша орташа айлық төлем 32 082 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 742 692 теңгені құрады.
БЖЗҚ-дағы салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 12,4 миллионды құрады, оның ішінде:
11,1 млн – МЗЖ бойынша;
671,1 мың – КМЗЖ бойынша;
409,8 мың – ЕЗЖ бойынша.
2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кіріс түріндегі ЖМЗЖ және өзге де кірістер туралы мәліметтер ескерілетін БЖЗҚ-дағы шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ) саны 3,4 миллионнан астам бірлікті құрады.
Жаңалықтар
0