Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина әскер жасындағы ер адамдарға консулдық қызмет көрсетуге тыйым салды

© AP Photo / Efrem Lukatsky Украина туы
 Украина туы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Жазылу
Отанға оралу үшін құжат рәсімдеу қызметі ғана қолжетімді болады
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Украинадан кеткен әскерге алыну жасындағы ер адамдар бұдан былай шетелде консулдық қызметтерді пайдалана алмайды. Бұйрықты елдің Сыртқы істер министрлігі жариялады.
Министрдің бірінші орынбасары Андрей Сибига қол қойған хатта "18 бен 60 жас аралығындағы ер азаматтардың өтініші бойынша консулдық әрекеттерді тоқтату туралы" бұйрық берілген. Ол 23 сәуірде күшіне енеді. Бір ғана қызмет қолжетімді болады – туған жерге оралу үшін құжат рәсімдеу.
Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский сәуір айында мобилизацияны күшейту туралы заңға қол қойған болатын.
Зеленский мобилизация жасын қысқартуға жастардың техникаға бағдарланған әскери іс-қимылдарға көптеп қажет болуы себеп екенін айтты.
Украинаның мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, күн сайын он шақты адам елден қашуға әрекеттенеді.
БАҚ-тың хабарлауынша, қазірдің өзінде 650 мыңға жуық әскер жасындағы ер адам елден кеткен. Сонымен қатар шетелге шығу үшін көбінесе заңсыз схемалар қолданылады.
Украинаның қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Андрей Мельник Украинаға шұғыл түрде жас сарбаздар қажет екенін айтты. Оның айтуынша, Украина Қарулы күштері қатарындағы адам ресурстарына қатысты жағдай қиын.
Жаңалықтар
0