https://sputnik.kz/20240423/qma-gidrotekhnikalyq-nysandardy-saluga-bolingen-qarzhynyn-qayda-ketkenin-tekseredi-43848079.html
ҚМА гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаржының қайда кеткенін тексереді
ҚМА гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаржының қайда кеткенін тексереді
Sputnik Қазақстан
Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында төрт іс қозғалды 23.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-23T09:29+0500
2024-04-23T09:29+0500
2024-04-23T09:29+0500
тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/07/15144332_0:276:3071:2003_1920x0_80_0_0_cc8e58b707264a84c33e9dcd99ddd3d8.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы Дмитрий Малахов гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеруді тапсырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеріп, бағалау қажеттігін атап өтті.Еске сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.Сонымен қатар алдын-алу жұмыстары зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталады.Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды. Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасады.Агенттік сонымен қатар құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады.Анықталған фактілермен күрес аналитикалық құралдарды пайдалана отырып жүргізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/07/15144332_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_e05f60e17337a1053647eb16a6b314b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тексеріс
ҚМА гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаржының қайда кеткенін тексереді
Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында төрт іс қозғалды
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасы Дмитрий Малахов гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеруді тапсырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеріп, бағалау қажеттігін атап өтті.
"Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет", - деп тапсырды Малахов.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.
Қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.
Сонымен қатар алдын-алу жұмыстары зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталады.
Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды. Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасады.
Агенттік сонымен қатар құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады.
Анықталған фактілермен күрес аналитикалық құралдарды пайдалана отырып жүргізіледі.