Исландиядағы ғажайып көрініс: атқылаған жанартау және солтүстік шұғыласы - фото
Исландиядағы ғажайып көрініс: атқылаған жанартау және солтүстік шұғыласы - фото
Sputnik Қазақстан
Исландияда екі ғажайып табиғат құбылысы бір уақытта көрініс берді - жанартау атқылауы мен теріскей шұғыласы әдемі үйлесім тапқандай. Әсерлі фотоларды суреттер... 23.04.2024, Sputnik Қазақстан
Исландияда екі ғажайып табиғат құбылысы бір уақытта көрініс берді - жанартау атқылауы мен теріскей шұғыласы әдемі үйлесім тапқандай. Әсерлі фотоларды суреттер топтамасынан тамашалаңыздар!
Фаградальсфьядль жанартауы Исландияның Гриндавик қаласына жақын жерде орналасқан. Қазір бұл аумақтан тұрғындар жиі көшіріліп жатыр. Өйткені жанартау атқылауы оларға қауіп төндіреді.
Бірақ туристер бұл қауіптен қорықпайтын секілді. Керісінше, олар осы ғажайып көріністі жергілікті билік рұқсат еткен шекте мүмкіндігінше жақыннан тамашалау және суретке түсіру үшін бұл аймаққа көптеп келіп жатыр.
Оянған жанартау үстінде жарқыраған солтүстік шұғыласы суреттерге өзгеше әсер беріп тұр. Кейбір адамдар бұл таңғажайып құбылысты дрондар арқылы түсіріп жүр.