ЕЭК азық-түлік өнімдерін таңбалауға қатысты техникалық регламенттерге өзгеріс енгізді

© Sputnik / Абзал КалиевПокупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry
Покупатели в торговом комплексе Magnum Cash & Carry - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Жазылу
Өнім өндірушілер таңбалауды ауыстыру мәселесіне тап болғандықтан, бұл түзетулерді Қазақстан ұсынды
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" және "Азық-түлік тауарларының таңбалануына қатысты" техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ЕЭК сайты.
Өзгерістер ұйымның немесе оны өндіруші (өндіруші, импорттаушы уәкілеттік берген тұлға) болып табылатын жеке кәсіпкердің орналасқан жерінің реквизиттері өзгерген жағдайда тамақ өнімдерін таңбалауын өзгертпей айналымға шығару мүмкіндігіне қатысты болып отыр.
Түзетулерді қаланың, ауданның, көшенің және тағы басқалардың атаулары өзгерген жағдайда азық-түлік тауарларының таңбалануын ауыстыру қажеттігі туралы мәселеге тап болған азық-түлік өндірушілерінің мемлекеттік органдарға өтініштеріне байланысты Қазақстан ұсынды.
"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің 39-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, орналасқан жерінің мекенжайы реквизиттері ретінде көрсетілген қала, аудан, көше және тағы басқалардың атаулары өзгертілген күннен бастап 36 ай ішінде тамақ өнімдерін өндіруші (өндіруші, импорттаушы уәкілеттік берген тұлға) тамақ өнімдерін таңбалауда оның орналасқан жерінің бұрынғы атауларын көрсете отырып, нақты географиялық орны мен іс жүзіндегі өндіріс орны өзгеріссіз қалады деген шартпен айналысқа шығаруға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" техникалық регламентінің 4-бабында тамақ өнімдерін өндірушінің (өндіруші, импорттаушы уәкілеттік берген тұлға) орналасқан жері туралы сенімді және нақты ақпаратты тұтынушыға жеткізудің ықтимал тәсілдері қарастырылған.
ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкийдің айтуынша, кеңес қабылдаған өзгерістер Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бизнесті жүргізу шарттарына оң әсер етеді.
Жаңалықтар
0