Биыл "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрмесі өткізілмеуі мүмкін

Награды для победителей конкурса Алтын Сапа - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. "Атамекен" ҰКП "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауын өткізуден бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, бірқатар өңірдегі су тасқыны бизнеске 28 млрд теңге көлемінде шығын келтірген. Кәсіпкерлер де, қарапайым қазақстандықтар да елімізде орын алған су тасқынын ескере отырып, "Атамекен" ҰКП уәкілетті министрлікке 2024 жылы өтетін "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауын өткізуден бас тартуды ұсынды.
Сонымен қатар, ұйымдастыру шығындарынан үнемделген қаражат зардап шеккен кәсіпорындар мен азаматтарға келтірілген залалды жабуға бағытталуы мүмкін.
Жаңалықтар
0