Тәжікстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской области Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2024
Жазылу
Душанбе мен Худжандадан 61 вагон мен 13 жүк көлігі келген
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Тәжікстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Тәжікстанның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетіне сілтеме жасап.
Гуманитарлық жүктерді тапсыру рәсімі Сарыағаш қаласында өтті. Тәжікстан Қазақстанға азық-түлік, ауыз су, құрылыс пен төбе материалдарын жіберді. Душанбе мен Худжандадан 61 вагон мен 13 жүк көлігі келген. Жүктің жалпы салмағы 3,5 мың тоннаны құрап отыр.
Сарыағашқа Тәжікстанның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің басшысы Р.Назарзода да келді. Оның айтуынша, бауырлас қазақ еліне жеткізілген гуманитарлық көмек Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы – Ұлт көшбасшысы, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонның тікелей тапсырмасы бойынша жеткізіліп отыр.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрінің орынбасары мен облыс басшысы тәжік халқына жасаған көмегі үшін алғыс білдірді.
Айта кетері, бұған дейін Өзбекстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 15 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жөнелткен. Германиядағы отандастарымыз да гуманитарлық көмек жинауға кірісті.
Федеральный президент Германии Франк-Вальтер Штайнмайер и премьер-министр Казахстана Алихан Смаилов приняли участие в церемонии закладки капсулы времени в рамках строительства здания Казахско-Немецкого института устойчивой инженерии в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2024
Германия Қазақстанға гуманитарлық көмек жинап жатыр
Жаңалықтар
0