Су басқан тасжолдардың саны екі есеге азайды

© Photo : Пресс-служба акима Абайской области Паводки в Абайской области
Паводки в Абайской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Сағат 14:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында төрт жол жүру учаскесінде су тасқыны орын алды. Бұл туралы "КазАвтоЖол" ҰК баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет ОКҚ алаңында өткен брифингте баяндады.
СҚО, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарында ұзындығы 463 шақырым болатын республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
"Шектеу қойылған жолдарды атап өтетін болсақ, ол Ақтөбе облысында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" тас жолының 3-92 шақырымы. Осы жабық учаскені айналып өту үшін "Қандыағаш-Темір-Кеңқияқ-Жағабұлақ-Жем" аудандық тас жолының 235 шақырымы арқылы альтернативті маршрут ұсынылды. Атырау облысында "Мұқыр - Құлсары" тас жолының 0-136 шақырымына дейін шектеу қойылды. Осы жабық учаскені айналып өту үшін "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" тас жолының 377-512 шақырымы және "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай- Ақтау" тас жолының 3-120 шақырымы арқылы альтернативті маршруттар ұсынылды", – деді спикер.
Сондай-ақ Қостанай облысында "Мариновка ауылына кіреберіс" тас жолының 0-9 шақырымы, "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 555-729 шақырымында шектеу бар. Осы жабық учаскелерді айналып өту үшін "Денисовка-Жітіқара" тас жолының 137 шақырымы арқылы альтернативті маршрут ұсынылды. Солтүстік Қазақстан облысында "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 869-875 шақырымы, "Челябинск-Новосибирск" тас жолының 525-530 шақырымы, "Петропавл қаласын айналып өту жолы" тас жолының 3-8 шақырымы, "Екатеринбург – Алматы" тас жолының 729-768 шақырымында қозғалыс жабық. Осы учаскелерді айналып өту үшін бірнеше маршруттар ұсынылды.
Мәселен, Тимирязево, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов аудандарының тұрғындарына облыс орталығына дейін жету үшін "Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" республикалық маңызы бар тас жол арқылы жүріп, ары қарай Р-61 "Волошинка-Корнеевка-Рощинское" тас жолына түсіп, ол жақтан КТ-29 "Покровка-Корнеевка-Горное" тас жолымен А-16 "Жезқазған-Петропавл" жолы арқылы қалаға жетуге болады.
"Жезқазған-Петропавл" тас жолының 954-952 шақырымы учаскесінде үлкен жүк көліктер үшін полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қозғалыс қамтамасыз етілуде. Мамлютка, Жамбыл аудандары үшін Р-57 "Новокаменка-Петерфельд" республикалық маңызы бар тас жолы арқылы қалаға жетуге болады.
Мамандар атқарып жатқан жұмыстардың нәтижесінде өткен аптада су алған жолдардың саны 2 есеге азайып, республикалық жолдарда шектеулер алынуда.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 804 бірлік техника мен 1944 адам су тасқынын алдын алу бойынша жұмыс атқаруда.
Жаңалықтар
0