Қазақстанда TikTok бұғатталуы мүмкін бе

© Sputnik / Рамиль СитдиковИконка мобильного приложения TikTok на экране мобильного телефона
Иконка мобильного приложения TikTok на экране мобильного телефона - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2024
Жазылу
Министрдің айтуынша, әлеуметтік желідегі материалдарда құқықбұзушылық фактілері көбейіп кеткен
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok-ты бұғаттау туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, АҚШ және Еуропаның бірқатар елдері TikTok желісін шектеген.
"Біз көрші елдердің тәжірибесін қарап отырмыз. Шынымен де қазіргі таңда әлеуметтік желідегі материалдарда құқықбұзушылық фактілері көбейіп кетті. Мұның бәрі біздің ұлттық қауіпсіздігімізге ықпал етсе, әлбетте осындай шаралар қабылдауға тура келеді", деді Балаева мәжіліс кулуарында.
Ол бұл мәселе әлі шешілмегенін, алдымен, қарастырылып, кейін жалпы талқылауға шығарылатын сұрақ екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0