https://sputnik.kz/20240422/oraldy-tagy-500-askeri-qyzmetshi-men-qutqarushy-zhiberiledi-43830385.html
Оралға тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушы жіберіледі
Оралға тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушы жіберіледі
Sputnik Қазақстан
Орал қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр 22.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-22T09:58+0500
2024-04-22T09:58+0500
2024-04-22T10:04+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/16/43829695_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_2f94d370add9cc17051d9e15d0051268.jpg
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Оралды тасқыннан қорғау шараларына еліміздің басқа өңірлерінен тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушы жұмылдырылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.21 сәуір күні таңертең Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден асып, 8,5 метрді құраған. Өзен суы жайылған жерге орналасқан саяжай алаптары су астында қалып, Жайық және Шаған өзендерінің маңындағы шағын аудандарға су жеткен.Вице-премьер Қанат Бозымбаев шарықтау шегіне жеткен су тасқынымен күресу үшін Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан, Астана мен Алматыдан тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушыны БҚО-ға жіберуді тапсырды. Оралға ТЖМ және Қорғаныс министрлігі бойынша 200 адам келіп, жұмысқа кірісіп кетті.Қанат Бозымбаев Оралдың периметрі бойынша су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын тексерді. Су тасқынының шарықтау шегі ұзарады деген болжам бар, осыған байланысты вице-премьер су басу қаупі бар аймақтағы өзендердің бойындағы топырақ бөгеттерін тағы бірнеше метрге көтеруді тапсырды.БҚО ауылдық елді мекендерінде жағдай тұрақты және бақылауда. Су тасқыны кезеңі басталғалы өңірдегі Жайық және Шаған өзендерінің бойында 136 шақырымнан астам бөгет салынып, оның ішінде Орал қаласында 45 шақырымды құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/16/43829695_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_5160448f225bc5f35869bc2506f5d7fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Оралға тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушы жіберіледі
09:58 22.04.2024 (жаңартылды: 10:04 22.04.2024) Орал қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Оралды тасқыннан қорғау шараларына еліміздің басқа өңірлерінен тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушы жұмылдырылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
21 сәуір күні таңертең Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеден асып, 8,5 метрді құраған. Өзен суы жайылған жерге орналасқан саяжай алаптары су астында қалып, Жайық және Шаған өзендерінің маңындағы шағын аудандарға су жеткен.
"Қорғаныс құрылыстарын нығайту шараларына облыс бойынша 10,6 мыңнан астам адам және қала бойынша 6,4 мың адам, сондай-ақ Қазақстанның басқа өңірлерінен тартылған 2 мыңнан астам техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев шарықтау шегіне жеткен су тасқынымен күресу үшін Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан, Астана мен Алматыдан тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушыны БҚО-ға жіберуді тапсырды. Оралға ТЖМ және Қорғаныс министрлігі бойынша 200 адам келіп, жұмысқа кірісіп кетті.
Қанат Бозымбаев Оралдың периметрі бойынша су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын тексерді. Су тасқынының шарықтау шегі ұзарады деген болжам бар, осыған байланысты вице-премьер су басу қаупі бар аймақтағы өзендердің бойындағы топырақ бөгеттерін тағы бірнеше метрге көтеруді тапсырды.
БҚО ауылдық елді мекендерінде жағдай тұрақты және бақылауда. Су тасқыны кезеңі басталғалы өңірдегі Жайық және Шаған өзендерінің бойында 136 шақырымнан астам бөгет салынып, оның ішінде Орал қаласында 45 шақырымды құрады.