Семейде бір үйдің екі баласы жоғалды

© Photo : Пресс-служба департамента ЧС Западно-Казахстанской областиСпасатели и волонтеры ищут пропавшего грибника в Западно-Казахстанской области
Спасатели и волонтеры ищут пропавшего грибника в Западно-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Семей қаласында Әбішев отбасының балалары екі аптадан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бір үйдің әпкесі мен інісін іздестіру жұмыстары тоқтатылған жоқ. Оған полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер қатысып жатыр.
"Өзен арналарында іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көп жиналатын жерлерде іздестіру шаралары жүргізілуде", - дейді тәртіп сақшылары.
LIDER.KZ еріктілері таратқан ақпаратқа сәйкес, Алтынай Әбішева 2005 жылы туған, ал оның інісі Абзал Әбішев - 16 жаста. Екеуі 7 сәуірде түстен үйден шығып кеткен. Сол күйі із-түзсіз жоғалып кетті.
Жаңалықтар
0