https://sputnik.kz/20240421/astanada-algash-ret-qazaq-turik-tagamdarynyn-zharmenkesi-otti---foto-43823211.html
Астанада алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті - фото
Астанада алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті - фото
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Астанада "Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Оның аясында Астанада... 21.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-21T20:48+0500
2024-04-21T20:48+0500
2024-04-21T20:48+0500
астана
түркия
жәрмеңке
https://sputnik.kz/img/07e8/04/15/43822604_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_809ed99260a969d91447f1095acd9313.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Астанада "Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Оның аясында Астанада қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Экоакция барысында Байқоңыр ауданы әкімдігінің бастамасымен алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Жәрмеңкеге түрік елінің әйгілі бөректері, симиттері және ірімшік пирогтары ұсынылды. Сондай-ақ тұрғындарға бауырсақ, құрт, ірімшік, шай таратылды.Ататүрік саябағында өткен жәрмеңкеге Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капучу және Түркияның басқа да өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Байқоңыр ауданының белсенді тұрғындары мен ерікті жастар қатысты.Естеріңізге сала кетейік, Астанада бұл апталық "Киелі мекен" деп аталады, оның барысында қала ескерткіштері мен олардың маңайында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр."Жасыл аймақ" деп аталатын үшінші апта ағаш отырғызу мен көшеттерді әктеуге арналады.4 мамырға дейінгі кезең "Өнегелі ұрпақ" деп аталып, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалау мен абаттандыруға арналады."Мөлдір бұлақ" деп аталатын соңғы, бесінші аптада су қоймаларының айналасы – өзен-көлдер қоқыстан тазартылады.
астана
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/15/43822604_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_05bb814762ec0adaf211de5d4edbc87e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, түркия, жәрмеңке
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Астанада "Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Оның аясында Астанада қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Экоакция барысында Байқоңыр ауданы әкімдігінің бастамасымен алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге түрік елінің әйгілі бөректері, симиттері және ірімшік пирогтары ұсынылды. Сондай-ақ тұрғындарға бауырсақ, құрт, ірімшік, шай таратылды.
Ататүрік саябағында өткен жәрмеңкеге Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капучу және Түркияның басқа да өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Байқоңыр ауданының белсенді тұрғындары мен ерікті жастар қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада бұл апталық "Киелі мекен" деп аталады, оның барысында қала ескерткіштері мен олардың маңайында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Жасыл аймақ" деп аталатын үшінші апта ағаш отырғызу мен көшеттерді әктеуге арналады.
4 мамырға дейінгі кезең "Өнегелі ұрпақ" деп аталып, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалау мен абаттандыруға арналады.
"Мөлдір бұлақ" деп аталатын соңғы, бесінші аптада су қоймаларының айналасы – өзен-көлдер қоқыстан тазартылады.