https://sputnik.kz/20240421/aqsh-ukrainaga-milliardap-aqsha-boldi--resey-oz-ustanymyn-zhariyalady-43820547.html
АҚШ Украинаға миллиардап ақша бөлді – Ресей өз ұстанымын жариялады
АҚШ Украинаға миллиардап ақша бөлді – Ресей өз ұстанымын жариялады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Украинаға миллиардап көмек бөлуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады. 21.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-21T17:43+0500
2024-04-21T17:43+0500
2024-04-21T17:43+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39933689_0:6:3067:1731_1920x0_80_0_0_ef4919c92f3dcf1da3657e6f9007bbe5.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Украинаға миллиардап көмек бөлуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.Министрліктің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, АҚШ билігі Киевтің соңғы украиналық қалғанша соғысуға мәжбүрлеп жатыр. Ал Зеленскийдің режимі қарашадағы сайлауға дейін шыдаса, Джо Байденнің имиджі сақталып қалады.Оның сөзіне қарағанда, Американың басқарушы элиталары партиялық ұстанымына қарамастан, Киев режимін қару-жарақпен қамтамасыз етуге дайын тұр. Онымен Ресейдің азаматтық нысандарына террористік шабуылдар жасалып жатыр, журналистерге де оқ атылды."АҚШ осы жолды бұғатталған ресейлік активтерді ұрлаудан да тайынбай отыр", - деп атап көрсетті Захарова.Жақында АҚШ конгресі Украинаға 61 миллиард долларға жуық қаржыны бөлу туралы заң жобасын қабылдады. Соның ішінде 23,2 миллиард Пентагон қоймаларынан берілетін қару-жарақты толықтыру жоспарланып отыр. 13,8 миллиард доллар қару-жарақты нарықтан сатып алуға жұмсала, 11,3 миллиард "АҚШ-тың аймақтағы әскери операцияларды қамтамасыз етуге" арналған. Бұдан бөлек, конгрессмендер ресейлік активтерді Украинаның пайдасына тәркілеу туралы заң жобасын мақұлдады.
ақш
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39933689_104:0:2833:2047_1920x0_80_0_0_bb30655d1629d2c9d2f924b10653cf02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, украина, ресей
АҚШ Украинаға миллиардап ақша бөлді – Ресей өз ұстанымын жариялады
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Украинаға миллиардап көмек бөлуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Министрліктің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, АҚШ билігі Киевтің соңғы украиналық қалғанша соғысуға мәжбүрлеп жатыр. Ал Зеленскийдің режимі қарашадағы сайлауға дейін шыдаса, Джо Байденнің имиджі сақталып қалады.
"Вашингтонның әрекетіне тойтарыс беріледі, ал Ресейге қарсы гибридтік соғысқа ене берсе, Вьетнам мен Ауғанстанда болған фиаскоға тап болады. Зеленскийдің неонацистік режимін құтқаруға бағытталған әрекеттер бәрібір сәтсіздікке ұшырайды. Арнайы әскери операцияның мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалады", - дейді Захарова.
Оның сөзіне қарағанда, Американың басқарушы элиталары партиялық ұстанымына қарамастан, Киев режимін қару-жарақпен қамтамасыз етуге дайын тұр. Онымен Ресейдің азаматтық нысандарына террористік шабуылдар жасалып жатыр, журналистерге де оқ атылды.
"АҚШ осы жолды бұғатталған ресейлік активтерді ұрлаудан да тайынбай отыр", - деп атап көрсетті Захарова.
Жақында АҚШ конгресі Украинаға 61 миллиард долларға жуық қаржыны бөлу туралы заң жобасын қабылдады. Соның ішінде 23,2 миллиард Пентагон қоймаларынан берілетін қару-жарақты толықтыру жоспарланып отыр. 13,8 миллиард доллар қару-жарақты нарықтан сатып алуға жұмсала, 11,3 миллиард "АҚШ-тың аймақтағы әскери операцияларды қамтамасыз етуге" арналған. Бұдан бөлек, конгрессмендер ресейлік активтерді Украинаның пайдасына тәркілеу туралы заң жобасын мақұлдады.